Қарағандының «Шахтер» футбол клубы өзінің Еуропа лигасына қатысатын 25 футболшысын анықтап, тапсырыс берді. Бұл туралы Vesti.kzхабарлады.
Команданың бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков бұл тізімге мына ойыншыларды енгізді:
Қақпашылар: Стас Покатилов, Валерий Фомичев, Сергей Ткачук және Александр Мокин;
Қорғаушылар: Никола Васильевич, Асхат Борантаев, Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Михаил Габышев, Сергей Малый, Бақыт Әбуов және Александар Симчевич;
Жартылай қорғаушылар: Гедиминас Вичюс, Мақсат Байжанов, Вадим Боровский, Аслан Дарабаев, Геворг Казарян және Рохер Каньяс;
Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Андрей Финонченко, Роман Муртазаев, Станислав Лунин, Игорь Зенькович және Сергей Хижниченко.
Еске сала кетейік, «Шахтер» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші матчын қыркүйектің 19-ы күні түнде Грекияда жергілікті ПАОК-пен өткізеді. Ойын Астана уақытымен 01:05-те басталады. Бұл матчқа көрермендер қатыса алмайды. Себебі, аталмыш команданың стадионы сондай жазаға тартылған.
Қарағандылықтар келесі ойыны 3 қазан күні Астанадағы «Астана-Арена» спорт кешенінде өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Дамир Қожамқұл.