• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Сәуір, 2020

Қытайлық дәрігерлер Қазақстанның коронавируспен күресу шараларына оң баға берді

211 рет
көрсетілді

Бұл туралы Шыңжаң медицина университетінің №1 серіктес ауруханасының жұқпалы аурулар дәрігері (инфекционист) Лу Шяубо айтты.

«Біз Нұр-Сұлтанға кеше келдік. Осы уақыт аралығында біз Нұр-Сұлтанда жақсы жұмыс жүргізіліп жатқанын байқадық. Біріншіден, карантин енгізілген. Біз көптеген әріптестеріміздің маска кигенін, тіпті бізді осында алып келген жүргізушінің де арнайы киім кигенін көрдік. Сол себепті қолға алынған шаралар дұрыс деп ойлаймын. Кейін ауруханаларға барып, жағдаймен толық танысқан соң толықтай баға береміз» деді ол. 

Айта кетейік, бүгін елордада шетелден келген дәрігерлердің қатысуымен ҚХР-ның дәрігерлерімен тәжірбие алмасу жөнінде баспасөз мәжілісі өтті.