• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

331 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Кездесуде көптарапты өзара іс-қимылдың кең ауқымы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.

Қазақстан Президенті еліміз БҰҰ-ның бастамаларын әрдайым қолдай отырып, Ұйымның қыз­ме­тіне белсене атсалысып келе жатқанын атап өтті.

– Біз бірлесіп ядролық қару­сыз­дану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау саласында көп жұ­мыс жасадық. Сондай-ақ, 29 тамызды Ядролық сынақтарға қар­сы халықаралық іс-қимыл күні деп жариялау жөніндегі бас­тамамызды қолдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Бұған қоса, біз «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі бағдарламаға белсене атсалысып, бұл бағыттағы жұмысты жалғастырудамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақ­станның Алматыда БҰҰ-ның Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасын атай келе, оның жұмысы үшін барлық жағдай жасалатынын мәлім етті.

Қазақстан Президенті халық­ара­лық сипаттағы барлық проблема, әсіресе, соғыс пен бейбітшілік мәселесі халықаралық құқық қағидаттарының негізінде және Ұйымның қатысуымен шешілуі тиіс екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде Бас хатшы осы кездесудің өткеніне ризашылығын білдірді.

– Мен G20 саммитіне Қазақ­стан­ның шақырылуы елдің эко­но­микалық дамуының табыс­та­ры мен жетістіктерінің сөз­сіз мойындалуының және халық­ара­лық беделінің артуының, сондай-ақ жаһандық экономикалық мә­се­лелерді шешудегі мемлекет рө­лінің дәлелі болып табылады деп есептеймін. Сіз Қазақстан­ды өңірлік қауіпсіздікте маңыз­ды рөл атқаратын елге айнал­дыр­дыңыз және бұған Сіздің көш­басшылығыңыздың арқасында қол жеткізілді, – деді Пан Ги Мун.

Бас хатшы Қазақстанды Мың­жылдық мақсаттары жетіс­тіктерімен және бірқатар ауқымды экономикалық міндеттерді шешуімен құттықтады.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар