• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Қостанай облысында қарлы боранда адасып кеткен зейнеткер табылды

275 рет
көрсетілді

64 жастағы әулиекөлдік зейнеткер жергілікті серіктестіктің 400 бас жылқысын бағады екен. 7 сәуірде таңертең боран басталмай тұрып жылқы айдап жайылымға шығып кеткен. Содан қар аралас қатты дауыл басталып кетеді.  

9 сәуір күні зейнеткердің бауыры полицияға ағасының жылқыға кетіп, екі күннен бері үйге оралмағанын хабарлайды.  Полицейлер дереу жедел іздестіру шараларына кіріседі. Оларға еріктілер мен жергілікті әкімдіктің мамандары қосылады.  

Ат құлағы көрінбейтін ақ боранның астында адасқан зейнеткер екі күн бойы жол таппай далада жүрген.

Іздестіру шаралары барысында өздігінен ұшатын бейнебақылау құрылғысы арқылы Диев ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Арлан Әйсенов пен учаскелік инспектор Владимир Долматов жылқышы жатқан жерді анықтайды. Ол Науырзым ауданы жақтағы Үшқарасу ауылына 50 шақырым жетпей құлаған.

Құтқарушылар зейнеткерді дереу ауруханаха жеткізіп, малды иесіне шығынсыз қайтарып береді. Дәрігерлердің айтуынша,  науқас қазір ауыр қалде жатыр. 

 

Қостанай облысы