• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қыркүйек, 2013

«Үркерге» үстірт қарамасақ

453 рет
көрсетілді

Бұдан тура 40 жыл бұрын жазылған бұл мақала әртүрлі себеппен еш жерде жарияланбай қалған екен.

Жазушының алғашқы шығармаларынан-ақ оның талант ерекшелігін дөп басып тани білген сол кездегі студенттің де эстетикалық талғамын осы мақаладан көргендейміз.

– Оралхан Бөкеевті білесіз бе?

Осындай сұрақ қойсаңыз оқырман намыстанады. Тұңғыш жинағы «Қам­шы­герден» кейін-ақ осылай болған-ды. Неге?

***

Ол өткен жылы «Үркер» атты екінші жинағын жариялады. «Жұлдыз» журналының биылғы үшінші санында ол кітапқа рецензия шықты.

Әңгіме – сол кітап және сол сын жайлы.

Жинақ «Үркер» хикаясымен ашыл­­ған. Шығарма идеясы аннотация­да жақсы айтылыпты: «Өмірді сүюге, адал­дыққа, қарапайым адамды қаді­р­­леуге мегзейді». Иә, уағыздамайды, мегзейді.

Шынында да, осындағы Бағаң қарттың өмірі, оның адал жаны оқушыны рухани тазалыққа шақырғандай.

«Тағдыр мен уақыт айғыздаған бетінде үнемі бір тоң қатып жататын секілді.

Бұдан тура 40 жыл бұрын жазылған бұл мақала әртүрлі себеппен еш жерде жарияланбай қалған екен.

Жазушының алғашқы шығармаларынан-ақ оның талант ерекшелігін дөп басып тани білген сол кездегі студенттің де эстетикалық талғамын осы мақаладан көргендейміз.

– Оралхан Бөкеевті білесіз бе?

Осындай сұрақ қойсаңыз оқырман намыстанады. Тұңғыш жинағы «Қам­шы­герден» кейін-ақ осылай болған-ды. Неге?

* * *

Ол өткен жылы «Үркер» атты екінші жинағын жариялады. «Жұлдыз» журналының биылғы үшінші санында ол кітапқа рецензия шықты.

Әңгіме – сол кітап және сол сын жайлы.

Жинақ «Үркер» хикаясымен ашыл­­ған. Шығарма идеясы аннотация­да жақсы айтылыпты: «Өмірді сүюге, адал­дыққа, қарапайым адамды қаді­р­­леуге мегзейді». Иә, уағыздамайды, мегзейді.

Шынында да, осындағы Бағаң қарттың өмірі, оның адал жаны оқушыны рухани тазалыққа шақырғандай.

«Тағдыр мен уақыт айғыздаған бетінде үнемі бір тоң қатып жататын секілді. Ал жер тоңы ерісе астынан қызықтырып бәйшешек көктейтіні бар-ды. Бағаңның аса суық жүзіне шындап, шыдап үңілген адам осынау дидардан өзгеше мейірімнің мерейін болжар еді» деп суреттейді жазушы бас кейіпкер келбетін. Неге жүзі үнемі қату, неге тоң қатып жатқандай? Қатал тағдырдан, отызыншы жылдар айқайынан. Иә, сол белсенділер қара дауыл қырмандағы астықты ысырап еткенде «өзің жеп қойдың, ұрладың» деп мұның жалғыз ағасы Ахметке жала жауып, соттатқан. Иә, солар жүрегі адал, жігіттің бозтайлағы Ахметті арғы бетке қашуға мәжбүр еткен. Иә, солардың «қашқынның үйі» деп табалауы мен перзент қайғысынан шөге түскен әженің аманатын жерге тастай алмай, «өмірінде бір қыздың бетіне қарап көрмесе де бар үміті, махаббатының арайлы таңы алда» жас Бағдат туған жеңгесіне үйленіп, жігіттік тұрмақ балалықтың қызығын көре алмаған... Сонда қалайша дидарынан «мерейлі мейірім» сезіледі? Жан баласына жақсылықтан өзге ойлары жоқ, онысын міндет те етпейді, «өзгеге көмектесу» деп аталатын жұмысқа орналасқандай...

«Егер өткел жақтан «Ойбай... кеттім, құтқарыңдар!» деген оқыс дауыс шықса Бағаң көп ойланып, жоқ, болмаса сасқалақтап өзенге тура ұмтылмайды. Жайымен қара қыл арқанды қолына алады да, қаракерге мініп дауыс шыққан жаққа желіп кетер еді... Олар суға ағу керек те, Бағаң құтқару керек секілді шарттылыққа айналған» (27-бет). Ойлайтыны, қорғайтыны – халық мүлкі. Сонысы үшін қартайған шағында баяғы белсенді Пендебайдың баласы сойылға да жыққан, бірақ жәбірленгенін біреуге айтқан Бағаң және жоқ, сұрағандарға «ат үркіп жығылдым» деген. Әрине, халық мүлкіне сұғанақ қолын сұғушыларды біле тұра өкімет орындарына хабарламау – айып... Осының арқасында нағыз дарқан қазақы психология жақсы көрсетіліп, ұлттық характер ашылып тұр. Бұл – жазушы шеберлігі.

«Жо...ға, ақсақал. О не дегеніңіз. Өзіңізді сойылға жыққан ұрыны әкетіп барамыз ауданға. Жуықта соты болады. Өзіңізді шақыртамыз.

– Не дейді! – Бағаңның қамшысы қолынан түсіп кетті.

– Мен сотта деп пе ем? Қане, осында ма, көрейінші бейбақты. Апырай, қиын болған екен, апырай, – қаудалақтап, аттан домалап түсті де, машинаға ұмтыла берді».

«Қалеке, күпіршілік болмасын, ойымда айдатып жіберейін деген ниетім жоқ еді, міне, оразамды да ашқаным жоқ, бейуақ қой. Колхоздың ертең сепкелі отырған маржандай бидайын ұрлап бара жатқан соң алғашқы ашумен айқайға басқаным рас».

 

Соңғы жаңалықтар