• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Сәуір, 2020

Павлодар автовокзалында 3 диспетчер, 4 кассир, күзетшілер ғана қалған

311 рет
көрсетілді

1-ші сәуірден бастап еліміздегі Төтенше жағдайға орай, өңірімізде де күшейтілген қауіпсіздік шаралары жүргізіліде.

Облыс  орталығындағы «Сапаржай-Автовокзал» ЖШС-ның мәліметінше, қазір облыстың  аудан орталықтары, Ақсу, Екібастұзбен автобус байланысы бар.

Бірақ, жолаушылар саны бірнеше есеге төмендеген.

Бүгінде автовокзалда 3 диспетчер, 4 кассир, күзетшілер ғана қалған

Павлодардан Ресейдің көршілес өңірлеріне, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Өскемен қалаларына баратын автобустар бағыты  тоқталды.

Бұған дейін Екібастұз қаласына күніне 19 автобус жолға шықса, қазір  6 автобус  жүруде.  

Сондай-ақ, Ақсу қаласына да күніне 45 шағын автобус жүретін болатын болса,қазір қалғаны 11 автобус.

Ал, автовокзал қызметкерлері ақысыз демалысқа жіберілген. Оларға наурыз айының еңбекақысы төленді.

Оларға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек – 42500 теңгені алу үшін жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттары жолданған.