• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

Денсаулық сақтау жайы қаралды

320 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Жиында туберкулезбен күресті әрі қарай жетілдіру және есту қабілеттері нашар балаларға көмек көрсету мәселелері қаралды.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық – 50%, ал өлім-жітім 67%-ға азайды. Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді әрі қарай төмендету үшін ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-әрекеттестікті күшейту керек.

Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Жиында туберкулезбен күресті әрі қарай жетілдіру және есту қабілеттері нашар балаларға көмек көрсету мәселелері қаралды.

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық – 50%, ал өлім-жітім 67%-ға азайды. Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштерді әрі қарай төмендету үшін ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-әрекеттестікті күшейту керек.Осыған орай, Денсаулық сақтау министрлігі 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспарды бекітуді ұсынды. Жоспар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеудің инновациялық технологияларын қолдана отырып, туберкулезге қарсы іс-шараларды жетілдіруге бағытталған.

Туберкулезбен күрес жөніндегі кешенді жоспар шеңберіндегі іс-шаралар Ғаламдық қор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, үкіметтік емес ұйымдар және өзге де серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылатын болады. Айта кететін жайт, Қазақстан туберкулезбен күресте жақсы жетістіктерге қол жеткізуінің арқасында ЖИТС/АИТВ, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі ғаламдық қор грантын ала алады.

Қазақстанда есту қабілеттері нашар балаларға көрсетілетін көмекті жетілдіру бағытында іс-шаралар қабылдануда. Елімізде сурдологиялық көмек мемлекеттік кепілдіктер шең­бе­рінде көрсетіледі және оған медициналық, әлеуметтік, психо­ло­гиялық-педагогикалық көмек кіреді. Тиісінше, бұл салада­ бірқатар министрліктер мен жергі­лік­ті атқарушы органдардың өзара іс-әрекеттестігін арттыру керек.

Денсаулық сақтау министрлігі қажетті нормативтік-құқықтық база әзірледі. Жаңа туылған нәрестелердің есту қабілетін анықтау мақсатында 2010 жылдан бері скрининг жүргізілуде. Республика бойынша 36 сурдологиялық кабинет қызмет етуде. 2014-2015 жылдары осындай тағы 24 кабинет ашу жоспарланып отыр.

Есту қабілеті нашар балалардың денсаулығын қамтамасыз етуде жаңа әдістер енгізу мақсатында елімізде «кохлеарлы имплантация» сияқты жоғары технологиялық операциялар енгізілуде. 2013 жылы «кохлеарлы имплантацияны» қаржыландыру көлемі 7 есеге артты. Жыл сайын республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 500 млн. доллардан астам қаражат бөлінеді. Бүгінгі таңда 800-ден астам балаға осындай ота жасалды.

Осындай балаларды жалпы білім беру бағдарламаларына бейімдеу жөнінде Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктерге нақты тапсырмалар жүктеді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар