• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Сәуір, 2020

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы қазіргі кезең стратегиясын қабылдады

810 рет
көрсетілді

Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Сovid-19 пандемиясына байланысты осы ұйым елдері аясында орын алуы мүмкін азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысын   еңсеру ісіне үлес қосу жөнінде өз стратегиясын қабылдады, деп хабарлайды аталған халықаралық ұйымның баспасөз қызметі.

«Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына (АҚИҰ) мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына COVID-19 пандемиясының тигізуі мүмкін зардаптарға үлкен алаңдаушылық білдіреміз. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) мамандандырылған мекемесі ретіндегі біздің қазіргі міндетіміз – ИЫҰ аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігі үшін жаһандық пандемияға байланысты өткір мәселелердің тиімді шешімдері мен жолдарын қарастыру болып табылады» делінген осы жөніндегі баспасөз мәлімдемесінде. 

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Бас директоры Е.Ә. Байдәулеттің мәлімдеуінше, коронавирусқа қарсы қорғаныс шарасы ретінде көптеген елдерде адамдар қозғалысының шектелуі және экономикалық іс-әрекеттердің азаюы азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігіне әсер ететіндігі айқын. Сондықтан бұл мәследе АҚИҰ мүше мемлекеттердің азық-түлік тапшылығының салдарын азайту бойынша ұйымдық түрде келісілген ортақ іс-әрекеті қажет.

АҚИҰ деректері бойынша 2017 жылы ИЫҰ-на мүше мемлекеттерде 64,5 миллионнан астам адам аштық зардабын сезінген. 2018 жылы ИЫҰ шеңберінде жыл сайынғы азық-түлік тапшылығы 67 миллиард АҚШ долларын құрағанын айғақтайтын статистикалық деректер бар. Демек қазіргідей қиын кезеңде ұйым елдерінде азық-түлікдағдарысының етек жайып кетпеуін барынша ескеру қажет. 

Осыған орай АҚИҰ азық-түлік проблемаларын шешу, оның өндірісі мен саудасын дамыту, мұқтаж елдерге гуманитарлық көмектер көрсету бағытында жұмыс істеп жатқан ұйымға мүше мемлекеттердің бастамаларына қолдау білдірген. Елдерді азық-түлік ысырабын азайтуға шақырған. Осындайда тиімділігі зор Ислам тамақ өнеркәсібі қауымдастығын (IFPA) құруды жеделдетуге міндеттенетіндігін мәлімдеген.

Сондай-ақ ортақ істі үйлестіру бағытында меморандум қабылдап, оны ұйымға мүше мемлекеттерге жолдағандарын жеткізген.

«АҚИҰ Ислам ынтымақтастығы ұйымы ішіндегі еркін сауда мен инвестицияларды ілгерілету туралы түрлі келісімдердің орындалуын жалғастыруға дайын және осы төтенше кезең ішінде Халықаралық исламдық сауданы қаржыландыру корпорациясының (ITFC) сауданы қаржыландыру үшін 850 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржыландыру міндеттемесін бағалаймыз. Сол сияқты, біз ИЫҰ-ның бас қақаржы институттары, атап айтқанда Ислам Ынтымақтастық Қоры (ISF) және Ислам Даму Банкі (IsDB) қабылдаған мәлімдемелік міндеттемелерді қолдаймыз. Ислам Даму Банкі COVID-19-ға қарсы қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыруға 730 миллион АҚШ долларын бөлді» делінген мәлімдемеде. 

Сондай-ақ АҚИҰ азық-түлік балансының дерекқорын жасайтындығы, сонымен бірге ғылым мен технологияны және инновацияны интеграциялай отырып, FAO және COMSTECH-пен бірлестікте азық-түлік пен ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының генетикалық ресурстарын сақтау мен бөлудің аймақтық тетігін әзірлейтіндіктерін мәлім еткен. Ұйымға мүше мемлекеттер озық тәжірибе орталықтарының стратегиялық маңызды тауарлар бойынша Қазақстандағы кездесуін, Біріккен Араб Әмірлігіндегі ұлттық гендік банктер бойынша өткен семинарды және Сауд Арабиясында өткізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы су ресурстарын басқару жөніндегі дөңгелек үстелді өткізуге арналған күш-жігерді жоғары бағалайтындықтарын жеткізген.

Еске сала кетейік, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының арнаулы мамандандырылған институты болып табылатын Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы –  Үкіметаралық халықаралықұйым.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен 2016 жылы Астанада құрылған. Құрамына ИЫҰ 35 мемлекеті кіреді. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Бас директоры ислам қаржыландыруы және банкингі саласындағы белгілі қайраткер Ерлан Әлімжанұлы Байдәулет – Қазақстан өкілі.