• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

Тамырластық тіні тереңде

310 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің Түркімен­стан­ға ресми сапары басталды.

Бір тамырдан тараған, бойларында буырқана ойнаған түркілік қаны бар жұрттың саны кейбір зерттеушілердің ұйғарымынша 200 млн. шамасында десе, солардың көпшілігіне дербес мемлекет атануды тағдыр маңдайына жазбаған екен. Тек алтауына ғана өз алдына тәуелсіз мемлекет ету бағы бұйырса, соның бірі біз де, енді бірі түркімендер.

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің Түркімен­стан­ға ресми сапары басталды.

Бір тамырдан тараған, бойларында буырқана ойнаған түркілік қаны бар жұрттың саны кейбір зерттеушілердің ұйғарымынша 200 млн. шамасында десе, солардың көпшілігіне дербес мемлекет атануды тағдыр маңдайына жазбаған екен. Тек алтауына ғана өз алдына тәуелсіз мемлекет ету бағы бұйырса, соның бірі біз де, енді бірі түркімендер.

Ақ мәрмәрдан қаланған, ажары толған айдай толысып, ұлттық бедері әрбір тынысынан сезілетін Ашғабадта шыжыған ыстық. Әуе айналғандай күйдіріп тұрған алтын күн туысқан келді деп ыстық құшағын ашқандай. Кешінің өзі 33 градусты көрсетсе, күндізгі 43-ті қалыпты жағдай санайтын түркімен бауырлар Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының сапарына үлкен мән бергенін қолымызға тиген бағдарламадан аңғардық. Сондықтан да, көрген-білгенімізді шашауын шығармай оқырманға жеткізуді мойнымызға алдық.

Жалпы, екі ел арасындағы қарым-қатынастың қа­пысы жоқ. Мемлекет бас­шы­лары­ның кездесулері мен екіжақты өткен сапарлар ынтымақтастық байланыс­тарды кеңейте түскен. Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов 2008, 2009, 2010 жылдары елімізде өткізілген түрлі шараларға қатысса, биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен арнайы жол тартқаны мәлім. Біз­дің Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың 2009 жылы «Түр­кіменстан-Өзбекстан-Қа­­зақстан-Қытай» газ құбы­рының ашылу салтанатына және 2012 жылы ТМД мемлекет басшыларының кездесуі кезінде жұмыс сапарымен түркімен топырағына табаны тиген. Тамыры бір туыс елдер арасындағы осындай барыс-келіс қарым-қатынастарды барлық салаларда өрбітуге жол ашты.

Сенат Төрағасы кеше ер­теңгілік Ашғабадтағы жұмысын Түркіменстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық қатынастар институтының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы ал­дын­дағы сөз сөйлеумен бастады.

«Туыстас түркімен елінің болашақ дипломаттары алдында сөз сөйлегеніме қуаныштымын», деп жиналғандар ықыласын өзіне аударып алған Төраға оларға мемлекет дамуының қазақстандық жолын, еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымдарымен бірге, қазақ-түркімен ынтымақтастығының негізгі қырларын атап көрсетті.

Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстарды ортаға салған Қ.Мәми еліміздің алға қойған «Қазақстан-2050» стра­те­гиялық мақсатын, ондағы бас­ты бағыттарды таратып айтып бер­ді. Алға қойған белестерді ба­ғындыруда экономиканы түбегейлі оңтайландыру үшін кәсіпкерлікті реттеу ісіне мемлекеттің мейлінше аз қатыстырылуын, бұл тұрғыда барлық салада жекеменшік сектордың үлесін ұлғайта беру көзделіп отырғанын алға тартты. Сондай-ақ, ел экономикасының «жасыл» бағытта дамуына ден қою мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге тоқталып, оның осы Орталық Азия өңірінің дамуына тигізер оң әсерін де назардан тыс қалдырмады.

Төрағаның алға тартқан маңызды мәселелерінің қатарында түркі әлемінің интеграциясы да аталды. Сонымен қатар, 2014 жылы коалиция күштерінің Ауғанстаннан әкетілуіне байланысты аймақтың тұрақтылығына қатысты Орталық Азия мемлекет­тер­і ынтымақтастығының маңыз­дылығы көлденең тартылды.­ Жиналғандар Қ.Мәмидің жан-жақты, көптеген маңызды аспек­тілерді қамтыған сөзін үлкен ықыласпен тыңдады.

Сенат Төрағасының Түр­кіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері сөз етілді. Президент мамыр айындағы елімізге сапарын жылылықпен еске алып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен болған жемісті кездесулері мен іске қосылатын ірі Қазақстан-Түркіменстан жобаларына ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, сауда-экономикалық қатынастардың оң қарқыны мен көлік-коммуникация саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті молдығына тоқталды. 2014 жылы «Солтүстік-Оңтүстік» бағытындағы те

Соңғы жаңалықтар