• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Сәуір, 2020

Covid-19: Паоло Малдини және оның ұлы Даниел аурудан айықты

282 рет
көрсетілді

Италияның атақты футболшысы, кезінде АС Милан командасының аңызы болған, қазіргі таңда осы құраманың техникалық директоры Паоло Малдини мен оның ұлы АС Миланның бетке ұстар шабуылшы Даниел Малдини апақ-сапақта, яғни наурыз айының 21 күні коронавирус жұқтырып алғаны жайлы  ақпар тараған болатын.

Цезаре, Паоло, Даниел Малдинилар үш атадан бері АС Милан үшін тер төккен ел тарихындағы елеулі әулет. 

Дерт жұқтырған аяқдопшылар дәрігерлер кеңесіне жүгініп, отбасылық оқшаулануға түскені жайлы бұдан бұрын Calciomercato.com сайты мәлімет берсе, Малдинилар әулеті емделу барысында инстаграм желісі арқылы Сovid-19 дертінен сақтануды бұқараға ескертіп, тілектестері мен жанкүйерлеріне ыстық ықыластары үшін рахметін жаудырып жатты. 

Қазіргі таңда әкелі, балалы аяқдопшылар аурудан айығып, аман сау жасыл алаңға оралды.