Алматы облысында төтенше жағдай жарияланған уақыттан бастап «Біз біргеміз» акциясына үлес қосуға ынталы адамдар қатары көбеюде. Әсіресе, меценаттар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан әлеуметтік аз қамтылған әулеттерге қол ұшын созудың жақсы үрдісі қалыптасты.
Қайырым ақциясына Қапшағай қаласының кәсіпкерлері де үлес қосып жатыр. Бұған дейін ынталы топ қаладағы 342 отбасына тегін азық-түлік таратқан екен. Ал күні кеше қалалық кәсіпкерлік бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Nur Otan» партиясының Қапшағай қалалық филиалы мен еріктілер бірігіп «Біз біргеміз» акциясына тағы үн қосты. Шара барысында бір күн ішінде 81 отбасыға әлеуметтік азық-түлік пакеті берілген.
Мұндай көмекті ең алдымен аз қамтылған әулеттер, мүгедектер, жалғызбасты қариялар мен көп балалы отбасылар алып жатыр.
Алматы облысы