Ғасырлар бойғы зерттеулерге сүйене отырып, ғалымдардың бір тобы күміс бактерияны жоя ма деген сұрақтың жауабы әлі күнге жұмбақ күйінде қалып отырғандығын айтады. Осы бағытта жұмыс істеген зерттеушілер бұл жолы күмістің микробтарға қарсы тұратын зерттеу нәтижесін жария етті.
Арканзас университетінің ғалымдары осы үрдісті моллекулярлық деңгейде зерттеген. Күмістің бактерияны жоюын моллекулярлық деңгейде зерттеген физика доценті Йонг Ван әріптестерімен бұл бағыттағы ғылыми жұмыстарға жаңаша көзқараспен қарап, замануи жетілдірілген зерттеу нысандарын пайдаланғандығын айтады.
Нәтижесінде зерттеушілер күміс иондарының бактерияларды жоятын ерекшелігін анықтаған. Күміс иондары бактерияларда ДНҚ жұп талшықтарын бөлуге ықпал еткен. Нәтижесінде ДНҚ мен белок арасындағы байланыс әлсіреген. Ақуыз ДНҚ-мен бірге болған жағдайда, ол баяу жылжиды. Ал күміс қосылған кезде ақуыздар ДНҚ-дан ажырап, өздігінен қозғалған. Доцент Йонг Ван осы жоба аясында көз жеткізген мәліметтерді пайдалану үшін күміс нанобөлшектері негізінде антибиотиктер әзірлеу қажеттігін ұсынып отыр.