• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Сәуір, 2020

Қытай ғалымдары: Коронавирустан қан плазмасы емдейді

506 рет
көрсетілді

Қытай ғалымдары корнавируспен ауырғандарға қан плазмасын құюдың жақсы нәтиже көрсеткенін жария етті. Олар Уханьның үш ауруханасында тыныс алуы қиындап, ауыр халде жатқан орта жастағы он науқасқа донорлық қан плазмасы құйылғандығын айтады. Донор қаны вируспен ауырғаннан кейінгі үшінші апта және ауруханадан шыққан төртінші күн ішінде алынған.

Қан плазмасы құйылған науқастар реанимация мен интенсивті терапия бөлімінде тыныс алу аппаратына қосылған.  Барлығына бірдей 200 мл донор плазмасы құйылған. Олардың жағдайы плазма құйылғаннан кейін үш күн ішінде жақсы нәтиже көрсете бастаған.  Қан құрамындағы лимфоциттер көбейіп, бауыр жұмысы жақсарған әрі өкпе қабынуы бәсеңдеген. Бір науқас екі күннен кейін тыныс алу аппаратынан босатылған. Нәтижесінде он науқас та жазылып шыққан. Қорытындысында иммундық жүйе антиелалармен жеңілдеген.  Мамандар қан плазмасын құюдың COVID-19 вирусына шалдыққандарды емдеудегі қауіпсіз жол екенін айтады.

Қытай мамандарынан кейін Франция дәрігерлері де осы әдісті қолдана бастаған.  Қытай мамандары плазманы жақында ғана емделіп шыққан науқастан алу қажеттігін айтады. Емдеудің бұл әдісі ауырғанына екі аптадан аспаған науқастарда жақсы нітиже береді. Ал он төрт кұннен асып кеткен жағдайда әсері баяу болған. Сарапшылар коронавирусқа қарсы вакцина табылмай тұрған кезеңде бұл әдіс ауыр халдегі науқастарды қолдау үшін қажет, дейді.