• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

Суармалы алқаптар және қор үнемдегіш технология

442 рет
көрсетілді

Оңтүстік аймақтардың (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының) суармалы жерлерінде ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіріп, баптап, одан тұрақты деңгейде жоғары өнім алып, қажеттілікке байланысты олардың көлемін арттыру мүмкін болмай отыр. Оның себептері, біріншіден, суармалы жерлерге бөлінетін су қорының жылдан-жылға азайып, тұрақты болмауы. Екіншіден, қолданыстағы ирригациалық каналдар (желілер) табиғи топырақтардан жасалып, олардың арналарында әртүрлі арам шөптер, қамыстар өсіп, шөгінді тұмбалармен толуына байланысты, алғашқы жобалық су тасымалдау мүмкіндігінен бірнеше есе төмендеп, олардың ұзына бойлық табанынан, қабырғаларынан жоғалтатын су шығынының тым көбейіп, физикалық, моральдық тозығы жетіп, бүгінгі күннің талаптарына жауап бермей отыр.

Суармалы алқаптардағы қолда­ныс­тағы суару тәсілі жүйекпен және жолақтар арқылы жүргізілумен шектеулі. Жоғарыдағы тәсілдер суармалы алқаптардың 85-95 пайызында қолданылады. Бұл екеуі де жер бетімен суару тәсіліне жатады. Бір қарағанда бұл тәсілдерді қолдану үшін көп материалдық, қаржы және еңбек ресурстары қажет етілмейді, дегенмен, суаруға көп уақыт жұмсалып, фильтрациялық және булануға кететін сулар шығындары көп мөлшерді құрайды (30-60 пайыз), яғни танапқа берілген жалпы су мөлшерінің жартысынан көбін өнімсіз шығындар құрайды. Келтірілген шығындарды азайтып, алдыңғы қатарлы желілерді (құбырларды) қолданып, қор үнем­дегіш технологиясын енгізу арқылы біршама су тапшылығынан құтылуға болады.

Қазіргі таңда, мамандардың пайымдауынша, суарудың негізгі жеті әдісі бар. Олар: топырақ беті­мен суару, жаңбырлатып суару, им­пульс­тық жаңбырлату, кіші диспер­лі жаңбырлату, тамшылатып суару, топырақ ішінен суару, субрри­гациялық ылғалдау.

Топырақ бетімен суару кезінде су жүйектерге, жолақтарға, чектерге және лимандарға 5-70 см. арықпен беріліп, белгілі уақыт ішінде, есепті қабатқа су аталған танап желі­лерінің табандары арқылы сіңіп, қажетті ылғалдылықты қамтамасыз етеді. Танап ішіндегі суару желілері кө­бінесе сол жердегі жергілікті та­биғи топырақтардан жасалады. Сол себептен олардың суды пайдалану коэффиценті төмен болады. Бұл әдісте топырақтың есептік ылғалдану қабатының тереңдігі 1,0-1,2 метрге дейін жетеді. Вегетация кезінде әр суарудан кейін міндетті түрде жүйек аралық қопсыту жұмыстарын жүргізу шарт, яғни топырақ құрылымының тығыздалмауын болдырмай, оның бетіндегі қабыршақтануын жойып, өсімдіктердің тамырлары орналасқан қабатының ауа алмасуын қалпына келтіру үшін қажет.

Жаңбырлатып суарғанда су арнайы жабық желілер (құбырлар) ар­қылы жоғары қысыммен таратылып, арнайы қондырғылармен жер бетінен 1-3 м. биіктіктен жаңбырлатып шашылады. Бұл әдісте өнімсіз шығындар мөлшері 15-40 пайызды құрайды. Ал топырақтың есептік ылғалдану тереңдігі 0,5-0,7 метрден аспауы керек. Бір оператор сушы тәулігіне 20-30 гектар жерді жаңбырлатқыш машиналарымен суара алады. Бұл әдісті көбінесе таулы, далалы және орманды аймақтарда қолданып, жаңбырлатқыш қондырғысын кешкі және түнгі уақыттарда жұмысқа қосу арқылы су шығындарының мөлшері азайтылады. Жаңбырлатқыш машиналар танап ішінде жылжымайтын және жылжыйтын болып екі топқа бөлінеді. Бұлардың бір ретте беретін суару нормасы топырақ бетімен суарғанға қарағанда төмендеу болып, гектарына 500-800 текше метрді құрап, топырақ бетінде бос сулар пайда болғанға дейін жүргізіледі.

Импульстық жаңбырлату – жаң­бырлатудың бір түріне жатады. Айырмашылығы тек жаңбырлатқыш қондырғылар арна

Соңғы жаңалықтар