Облыс орталығындағы №1-ші автобус паркі еліміздегі Төтенше жағдай уақытына дейін дейін күніне 68 автобусты көше бағыттарына жіберсе,қазір 52 автобусқа оңтайланды.
Ал, көше аралық әртүрлі бағыттарда жүретін қала тұрғындарының азаюы жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындарға шығын.
Бірақ, кәсіпорындар мен қалалық әкімдік арасында жаслаған келісімшарттар бар.
Кәсіпорын басшылары шығындар келісімшарт негізінде төленетін өтемақы есебінен жабылады деп үмітті.
Қазіргі кездегі басты мәселе-індеттің таралуына жол бермеу. Ол үшін әр автобус жүйелі түрде өңделіп, тиісті дезинфекциялық шаралар жүргізілуде.
Сонымен бірге, «Трамвай басқармасы» АҚ-да трамвайлардың жүру уақыттары өзгерген жоқ.
Басқарманың «Трамвайлар қозғалыс қызметінің» басшысы Светлана Захарованың айтуынша, трамвайлар әдеттегідей 6.00-0.00 аралығында тұрғындарды тасымалдайды.
Трамвай жүргізушілері, кондукторлар әр соңғы аялдамада вагондарды өңдеп, тазалайды.
Ал, түнгі уақытта депо аумағында барлық трамвайларда дезинфекция жасалды.
Сондай-ақ, облыс орталығындағы 452 автобус, трамвайлар аялдамалары да тұрақты түрде өңделуде.
ПАВЛОДАР