Бесқарағай ауданы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда облыс бойынша басқаларға үлгі-өнеге көрсете білуде. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мұндағы мектеп оқушылары облыстан тысқары жерлерге дейін барып жақсы демалып, тынығуда.
Осы орайда өз мүмкіндігімізді де мейлінше пайдаланып қалуға тырысып бағудамыз, дейді аудан әкімінің орынбасары Ерболат Рахматуллин мырза.
Бесқарағай ауданы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда облыс бойынша басқаларға үлгі-өнеге көрсете білуде. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мұндағы мектеп оқушылары облыстан тысқары жерлерге дейін барып жақсы демалып, тынығуда.
Осы орайда өз мүмкіндігімізді де мейлінше пайдаланып қалуға тырысып бағудамыз, дейді аудан әкімінің орынбасары Ерболат Рахматуллин мырза.
Иә, суының, балшығының құрамы жөнінен Ресейдің Трускавец, Кашино, Моршино, Руссо санаторийлерінен артық болмаса еш кемдігі жоқ атақты Шошқалы көлі осы аудан аумағында. Павлодар трассасымен жүргенде аудан орталығынан жүз шақырымға жетер-жетпес қашықтықтағы оған барып-қайтудың еш қиындығы жоқ. Өкінішке қарай, сондай мүмкіндік күні кешеге дейін халықтың игілігіне жаратылмай келді. Сол себептен де бұл жаққа келушілер түрлі қиындықты көрудей-ақ көріп жататын. Сонымен бірге, олардың өздері де табиғатты бүлдіріп кететінін еш жасыруға болмайды.
Сондай жағымсыз тірлік жалғасып келе жатқанда көлге жанашыр адам табылыпты. Аталған ауданға соңғы барған сапарымызда сол адаммен – Сақан Әубәкірова есімді ерекше жанмен танысудың сәті түсті. Бұл кісі ертеректе мал өсірушілер бригадирі, тіпті электр монтері болып та жұмыс істепті. Ал еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, заман өзгергенде Сақаң да өзгеріп, қоғамдық өмірге зор құлшыныспен араласып кетеді.
Сөйтіп, осыдан он бес жыл бұрын үкіметтік емес ұйымдардың ауыл тұрғындарына арналған «Бірлік» деп аталатын қоғамдық қор орталығын құрып алады да Семейдегі «Исток», Алматыдағы «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорларының көмегімен мүгедек балаларға арбаша таратумен шұғылданады. Қарабас ауылының орталығынан балаларға арналған түрлі үйірмелер ұйымдастырады. Өзіне жалға берілген бұрынғы тұрмыс қажетін өтеу үйінде теннис үстелі де, музыкалық орталық, бейнекамераға дейін бар. Онда қазір келіні Гүлмира психолог болып өзіне көмектесіп келе жатса, сонымен бірге, үш әлеуметтік қызметкері және жұмыс істеп жатыр.
Ал өткен жылы еліміздегі тағы бір қор арқылы үздік жобасы үшін екі миллион теңгеге жуық қаражатты ұтып алады. Оның бір миллионы қаңқалы-құрастырмалы фин үйін, қалғаны үлкен киіз үйі мен үш шатыр, басқа да дүние сатып алуға жұмсалады. Бір киіз үймен қамтамасыз етуді аудандық әкімдік өз мойнына алады. Сөйтіп, былтырғы жылы аталған көлде бес жүз мектеп оқушысын демалдырып, тынықтыруға мүмкіндік туады. Ал биылғы жылы мұнда тынығатын жеткіншектер саны екі есеге арттырылмақ. Мұнда сонымен бірге, аудан оқушыларынан тыс Семей, Қарауыл, Саржалдан жүзге жуық жас жеткіншектер демалып үлгеріпті. Және осы орайда бір қадап айтатын жайт сол, мұнда мектеп оқушылары үшін жатын орын тегін.
Осы орайда Сақан сынды тынымсыз қарындасымыздың көлдің шын мәнісіндегі жанашыры болып отырғанын айта кетпеске болмайды. Бұрын жабылып қалған бұлақ көзін ашып, сол арқылы ауыз су, жуынып, шайыну мәселесін шешкен де осы кісі. Көлдің экологиялық тұрғыда тазалығын сақтау мәселесінен аудандық әкімдік те сырт қалып отырған жоқ. Соның айғағындай, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және білім мен спорт бөлімдері бірлесе отырып, «Бесқарағайдың інжу-маржанын сақтайық» деген атпен экологиялық акция өткізе бастағанына биыл төртінші жыл. Үш бөлімнен тұратын акция барысында экологиялық тазалық мәселесімен бірге, мәдени-спорттық шаралар қоса жүргізілетін көрінеді. Ал мұның жастар үшін тәрбиелік мәні қаншылықты зор екендігі айтпаса да түсінікті.
Осы орайда «Семей орманының» басшысы Мақсат Мұратұлы Елемесовке де алғысымыз шексіз дейді Сақан ханым. Өйткені, бұл азамат көл жағасындағы бабаларға арналған жерді бұларға он жылға деп тегін беріп отырған көрінеді. Соның бәрі жас ұрпақ үшін. Болмаса бұл арада бір гектар жердің бағасы сегіз жүз мың теңге көлемінде екендігін естіп білдік.
Жоғарыда Шошқалы көлінің емдік қасиеті Ресейдің көптеген шипажайларынан еш кем ем