Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы екі оқиғасы тіркелді. Олар осы дертпен бұрын ауырғандармен байланыста болған және карантинде жатқан адамдар.
Қазіргі уақытта науқастар бокстарға оқшауланып, емдеу курсынан өтуде.
Бүгінге дейін Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 65 оқиғасы зертханалық түрде расталды, оның ішінде бір өлім тіркелген және бір адам аталған дерттен сауықты.
Облыс бойынша үй карантиніндегі тұрғындардың саны – 1 643. Тәулік бойы бақылауға 725 адам алынған.
Қарағанды облысы