Соңғы онжылдықта балалар еңбегін қанау көрсеткіштері артқан. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең ірі какао тасымалдаушысы болып табылатын Африкадағы Кот-д'Ивуар және Гана палнтацияларындағы жағдайды негізге алуға болады. Reuters АҚШ-тың Еңбек министрлігі қаржыландырып отырған баяндама негізіндегі мәліметтерге сүйене отырып, өткен маусымда Батыс Африка елдеріндегі плантацияларда 2 миллионнан астам баланың жұмысқа жегілгендігін алға тартады.
Мәліметтер Чикаго университетінің зарттеушілерімен жиналған. Жоба зерттеушілерінің мәліметі бойынша, балалар еңбегін пайдалану осыдан он жыл бұрынғы кезеңнен айтарлықтай өскен. 2013/14 жылдармен (44%) салыстырғанда 2018/19 жылдардағы көрсеткіштер (46%) ұлғайған. Аса қауіпті жұмыстардағы көрсеткіштер 42% құрайды. Зерттеушілердің пікірінше, балалар еңбегін пайдалану деректері кең етек алып барады. Соңғы уақытта Mars, Hershey, Nestle, Cargill компаниялары биылғы жылы Батыс Африкада балалар еңбегін пайдалануды 70%-ға дейін қысқартуға міндетеме алып отыр. Дегенмен халықаралық ұйымдардың әрекеті негізінде балалар еңбегін пайдалану көрсеткіштері екі есеге дейін азайғандығы байқалады.