• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

«Білім» арнасы таным мен тағылымды ұштастырады

441 рет
көрсетілді

Өткен жылдың күзінде «Білім» телеарнасы көпшілік көрерменімен қауышты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Білім» телеарнасының ашылуы тәуелсіз ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды.

Елбасының жаңашыл идеясын Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен телевизия нарығындағы көшбасшы «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы жүзеге асырды. Қысқа мерзімде жаңа телеарнаның тұғыр­намасы жасалып, техникалық және шығармашылық мәселелер шешімін тапты. Осы игілікті істің ұтымды жүзеге асуына себепкер болған тағы бір фактор да Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолда­уымен салынып, пайдалануға берілген Астанадағы жаңа телерадиокешен еді. Ең соңғы заманауи жабдықтармен жарақталған телеарналардың бірі осы «Білім» телеарнасы болды.

«Білім» телеарнасының басты мақсаты біреу-ақ – көпшілікке білім беру, білгеніңді дамыту, біл­мегеніңді ұғыну. Біз сұрағы көп, алмағайып, күрделі кезеңде, ақпараттар тасқынында өмір сүріп отырмыз. Ақпараттық қоғам идея­лары күн өткен сайын белең алып барады, жаһандану үрдісі де күшейді. Қазақта «Білгенің бір тоғыз, білмегенің мың тоғыз» деген мәтел сөз бар. Айтқандай-ақ, әдетте білгенімізден білмейтініміз көп, қым-қуыт өмір де күн сайын жаңа сұрақтарды туындатып жатады.

Өткен жылдың күзінде «Білім» телеарнасы көпшілік көрерменімен қауышты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Білім» телеарнасының ашылуы тәуелсіз ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды.

Елбасының жаңашыл идеясын Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен телевизия нарығындағы көшбасшы «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы жүзеге асырды. Қысқа мерзімде жаңа телеарнаның тұғыр­намасы жасалып, техникалық және шығармашылық мәселелер шешімін тапты. Осы игілікті істің ұтымды жүзеге асуына себепкер болған тағы бір фактор да Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолда­уымен салынып, пайдалануға берілген Астанадағы жаңа телерадиокешен еді. Ең соңғы заманауи жабдықтармен жарақталған телеарналардың бірі осы «Білім» телеарнасы болды.

«Білім» телеарнасының басты мақсаты біреу-ақ – көпшілікке білім беру, білгеніңді дамыту, біл­мегеніңді ұғыну. Біз сұрағы көп, алмағайып, күрделі кезеңде, ақпараттар тасқынында өмір сүріп отырмыз. Ақпараттық қоғам идея­лары күн өткен сайын белең алып барады, жаһандану үрдісі де күшейді. Қазақта «Білгенің бір тоғыз, білмегенің мың тоғыз» деген мәтел сөз бар. Айтқандай-ақ, әдетте білгенімізден білмейтініміз көп, қым-қуыт өмір де күн сайын жаңа сұрақтарды туындатып жатады.

Арнаның бағдарламалық сая­саты көрермендердің негізінен үш тобына бағытталған: мектептің бастауыш сынып оқушылары, бозбалалар мен жасөспірімдер және ересектер. Соның ішінде бөле қарастыратын студенттер, тәлім­герлер, магистранттар мен жас ғалымдар, өнертапқыштар. Осы ауқымды аудиторияны игерудегі міндет-мақсаттарымыз да сан қилы. Жаңа үлгідегі танымдық білім беру бағдарламаларын, оның ішінде үздік сабақтарды экранға шығарамыз. Бір мезгіл, білім жарыстырып, зияткерлік ойындарға күш сынаймыз. Кәсіби білім беру саласының мамандары үшін пікір алмасатын диалог алаңы болсақ дейміз. Алдағы уақытта жылдың үздік оқытушысы, үздік мектеп, үздік жоғары оқу орнын анықтайтын жалпыұлттық байқаулар ұйымдастыру жоспары бар. Ұстаздар қауымының талғамынан шығатын семинарлар мен тренингтер де жүзеге асады.

Біз «оқы, көр!» деп мәжбүр­лемейміз, бірге үйренуге, ақи­қатқа бірге жетуге ұмтыламыз, көрер­менмен серіктеспіз. Ретіне қарай қо­салқы, немесе жанама білім береміз.

Нақты бағдарламаларға келетін болсақ, олардың қай-қайсысы да жоғары кәсіби орындалуымен, ең бастысы, көрермен ілтипатымен ерекшеленеді. Біздің арнадан бастауыш мектептегі әліппеден бастап, ғылымның бүгінгі шырқау биігі: ғарыш пен нанотехнологияға дейінгі өте ауқымды деңгейді қамтитын бағдарламаларды көруге болады. Мысалы, біздің шығармашылық топ дайындайтын «Ғажайып туынды» бағдарламасында қобыз аспабының тылсым тарихы мен алуан үні қам­тылса, Есік қорғанынан та­­был­ған «Алтын адам» әфсанасы ту­ра­лы сыр шертілді.

«Білім» телеарнасының тұсауын Елбасы Н.Назарбаев Назарбаев уни­верситеті білім ордасындағы дәрісі алдында кескені көпшілікке белгілі. Тәуелсіз ел аз уақытта әлем­­дік деңгейдегі осындай оқу орнын қалай қалыптастырды, ондағы оқу­дың ерекшеліктері қандай, ғы­­лыми бағыттардың нәтижесі қай­­сы, шетелдік әріптестері кім­дер, қандай атақты ұстаздар са­бақ береді, міне осындай сан сұрақ­тарға жауап беретін қазақ және орыс тілдерінде «Nazarbayev University» атты бағдарлама даяр­лануда. «Хабар» телеарнасынан ұзақ жылдар бойы көрсетіліп, жоғары рейтингімен ерекшеленген, ең маңыздысы, небір білімді де талантты жастарымызды үлкен сахнаға шығарып, көпшілікпен таныстырған «ХХІ ғасыр көшбас­шысы» зияткерлік сайысы алдағы уақытта «Білім» телеарнасында тұрақты көрсетілетін болады. Әр апта сайын жаңа жеңімпаздар ұлық­талады. Бұл сайысқа бұрын тек жоғары сынып оқушылары қатысса, енді орта сыныптарды қамтитын «Кіші лига» нұсқасы дүниеге кел­ді. Журналистеріміз даярлайтын «Кітапхана» бағдарламасының да айтары көп: кітап әлеміндегі жа­ңалықтар, жаңа туындылар мен авторлар таныстырылады, оқу мен тоқудың этикеті сөз болады. «Өзін өзі тану» бағдарламасының да айтары мол.

Шағын продюсерлік топтар өзінің шығармашылық еркіндігін пайдалана отырып, тосын шешім­дерді, қызықты да тартымды бағ­­дар­ламаларды ұсынып жатады. Солардың үздіктерімен біз де серіктестік байланыс орнатып, кей бағдарламаларды тап­сы­рыспен даяр­лаудамыз. Осын­дай продюсерлік орталықтар даяр­лаған «Білім әлемі – Страна знаний», «Великие тайны великих людей», «Тайные знаки», «Балапаным», «Простые вещи» бағдарламаларын көрермендер бірден ұнатты. «По следам Эйнш­тейна» бағдарламасы ғылым әле­міндегі жаңалықтармен, жас таланттармен таныстырады. «Апорт» продюсерлік орталығының «Кім боламын?» жобасы да тартымды, әр бағдарламада қажетті кәсіптер таныстырылып, жастарға қалаған мамандықтары бойынша бағдар беріледі, өнеркәсіп ошақтарына саяхат жасалады. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты жақсартуға үндейтін «Қазақстанның қызыл кітабы» мен «Тума табиғат – Эко мир» бағдарламаларының да айтары мол. Тартымды ойын­ға, диалогқа құрылған «Қазақша оңай!», «Ағылшын тілін үйренеміз» бағдарламалары тілдесуге үйре­теді, жаңа сөздермен танысты­рады. Ал, «Оnline мектеп», «Ға­ламшар», «Қоңырау – Пере­мен­ка» бағдарламаларында мектеп сабақтарына қосымша деректер мен мағлұматтар беріледі, жаңа ұғымдар пысықталады. Көрер­мен компьютер мен интернет әлеміндегі жаңалықтарды «Желі» бағдарламасынан көріп-білді. «Дарынды жастар – Молодые и талантливые» бағдарламасы көбіне жаңа есімдерді таныстырып, талантты студенттерді сахнаға шығарды. Жастар өзін «Великолепная пятерка» байқауында да сыннан өткізеді, білім жарыстырады.

Қазақстан Республикасы Бі­лім және ғылым министрлігінің қол­­­­­­дауымен даярланған бірнеше бағ­­дарлама «Білім» телеарнасынан эфирге шығуда. Солардың қа­та­рында арнайы түсірілген мектеп бағ­дарламасына сай үлгілі сабақтар бар. Сол сияқты «Ұлы адамдар», «Біл­гіш», «Бес минут арасында» бағ­дар­ламалары мультипликациялық безендірумен таным көкжиегін ке­ңі­теді, нақты мағлұматтар береді.

Осындай серіктестік келісім «WikiBilim» қоғамдық қорымен де жасалып отыр. Оған сәйкес «I Мектеп. Бастауыш мектеп мо­дулі» эфирге шығуда. Таяу күн­дері осы қормен бірлесіп, әлемнің үздік лекторлары, бизнес пен өнер қайраткерлерінің дәрістерін эфирге шығару қолға алынуда. Дәріс оқушылар қатарында Нобель сыйлығының лауреаттары, номинанттары мен ғылым мен техника саласының өкілдері болады. Бұл жобаның екінші қыры – осы дәрістерді бағдарламаның «www.bilimtv.kz» сайтынан қарап тамашалауға мүмкіндік беріледі.

«Білім» телеарнасынан әлемнің ірі компаниялары даярлаған деректі фильмдердің үздік жауһарларын көруге болады. Мұндай қайталанбас дүниелерді BBC, Discovery, National Geographic, History, CNN және басқалар ұсынса, оларды біз қазақ және орыс тілдеріне дубляж жасап, көркем аударма арқылы эфирге даярлау үстіндеміз.. Осы сипаттағы үздік өнімдердің қатарын көбейту мақсатында таяуда өткен Канн кинофестиваліне арнайы барып, өнім таратушылармен келіссөздер жүргізіп қайттық. Таңдап алынған дүниелер қазір қосымша сараптаудан өтуде. Таяу уақытта аударылып, көрерменімізге жететін болады. Discovery арнасының «Бұл қалай жасалады?» сериалы кейбір заттардың қалай жасала­тынын талдап көрсетеді. BBC корпорациясының «Жабайы та­би­ғат тіршілігі», «Жануарлар өмі­рінен», «Хайуанаттар бағы: әсерлі оқиғалар» сериалдары арнамыздың көркін аша түсері сөзсіз. «Әлемдегі әйгілі қалалар», «Верт Вульфпен бірг е саяхаттау» сияқты телесаяхаттар жұртқа мол мағлұмат береді. Ресейдің білім министрлігі тапсырысымен әзірленген «Смешарики» мультипликациялық сериалын біздің арнадан ғана көруге болады. «Кішкентай Эйнштейндер» де тартымды.

Әлемдік әдебиет пен өнердің үздік жауһарларын экранға шығаруда осындай басымдықтар қатарында. Мұнда да шетелдік танымал туындылармен қатар, қазақ топырағында дүниеге келген көркем және деректі фильмдер баршылық. «Қазақфильм» киностудиясында бұрын және соңғы уақытта түсірілген дүниелерді «Білім» телеарнасынан көрсету туралы арнайы келісім жасалды. Жас ұрпақтың таным көкжиегін кеңітетін төл туындыларымыз өз көрерменіне жетеді деген үміттеміз.

Білім алу, өмір бойы біліміңді толықтыру, жаңалықты жатсынбау бүгінгі күннің сұраныстарының бірі болып табылады. Қоршаған ортада күнделікті өзгерістер болып жатады. Міне, соның бәрін біліп, талдап, шешім қабылдау, яғни, өмірге бейімділік алдыңғы қатарға шықты. Мұның сыртында, елімізде бизнесті дамытуға көп жағдай жасалуда, әркімнің жеке кәсіпкерлікпен айналысуына еш тосқауыл жоқ. Бірақ, осы жолда сауаттылық, заңды білу, қоғамдық қатынастарды терең түсіну – ісіңнің алға басуына көмектеседі. Бүгінгі күннің қағидаларының бірі – жақсы өмір сүру үшін, көп еңбектену, көзін тауып әрекет жасау қажет. Осы жолдағы айнымас серік тағы да – білім. Сондықтан да көптеген жастарымыз қосымша білім алуға, тіпті шет елдерге барып, оқып келуге ұмтылуда. Соның қатарында көп тіл білуді бөле-жара айтар едік. Дүниежүзілік қарым-қатынастың нормасына айналған ағылшын тілін әркім шама-шарқы келгенше үйренуде. Енді біреулер әуезділігі мен сән үшін француз тіліне ден қояды. Ал, сарапшылар қытай тілінің қажеттілігі күн өткен сайын арта береді дейді. Тіл үйренуде интернеттің, жаңа ақпараттық технологиялардың маңызын атап кеткім келеді.

Арнаның күнделікті тіршілігі мен болашағы оқу орындарымен тығыз байланысты. Өйткені, мақсатымыз ортақ. Сондықтан, білім мен ғылым мекемелерімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге әзірміз. Егер олардың тарапынан ұсыныс түсіп жатса, құп аламыз, оны ары қарай дамытуды бірге талқылаймыз. Мысалы, әртүрлі пәндер бойынша үздік дәрістер топтамасын эфирге шығару туралы үлкен жоба бар. Оның ауқы­мы, жағрафиясы өте кең. Елі­міз­де талантты лекторлар, үздік оқы­ту­шылар, ғалымдар мен өнер­тап­қыш­тар көп екендігіне еш күмәніміз жоқ.

Бүгінгі жетістігімізді жетілдіре отырып, ізденістермен тың қадам­дарға барып, білім мен білікке қатысты дүниелерді іріктеп, теле­дидарға лайықталған нұсқасын түсіру, тартымды етіп әзірлеп, көрер­менге жеткізу, басты міндет деп білемін.

Ғазиза ЖАППАРОВА,

«Хабар» агенттігі» АҚ құрамындағы «Білім» арнасының директоры.

Соңғы жаңалықтар