• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Сәуір, 2020

Алматы облысында тағы 9 адамнан коронавирус анықталды

993 рет
көрсетілді

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл ауданда бұған дейін жұқпалы індет белгісі табылған 3 тұрғын оқшауланған болатын.

Инфекция анықталған тоғыз адамның алдыңғы науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғаны белгілі болды. Қазір олар оқшауланып, тиісті дәрігерлік бақылау жүргізілуде.

Қазірге дейінгі дерек бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 21 адамға жетті.