• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

Денсаулыққа салынған инвестиция

460 рет
көрсетілді

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекені спорттық сайыстармен атап өтті

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2013 жылғы 3-6 қыркүйек аралығында Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылған кезекті жыл сайынғы Жазғы спартакиада өткізді. Дәстүрге айналған бұл іс-шара биыл алғашқы рет Қапшағай көлі жағасындағы шырайлы демалыс орнында өтті.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекені спорттық сайыстармен атап өтті

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2013 жылғы 3-6 қыркүйек аралығында Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күніне орайластырылған кезекті жыл сайынғы Жазғы спартакиада өткізді. Дәстүрге айналған бұл іс-шара биыл алғашқы рет Қапшағай көлі жағасындағы шырайлы демалыс орнында өтті.

Спартакиада салтанатты түрде 4 қыркүйек күні «Heaven Club» демалыс кешенінде ашылды. Үш күндік Спартакиада жарысының бағдарламасы спорттың алты түрі – жеңіл атлетика, «Президенттік миль», шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі және шахмат бойынша ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, жарыс барлық халықаралық стандарттар бойынша өткізіліп, тәуелсіз төрешілердің қатысуымен үздіктер анықталды.

Алғашқы күні шағын футбол, суға жүзу мен қашықтыққа жүгіру бойынша жүлделер сарапқа салынса, екінші күні газ саласының мамандары үстел теннисі, шахмат және волейболдан бақ сынасты.  

Жарысқа қатысу үшін компанияның – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл сияқты 8 өндірістік филиалының және Орталық аппараттың командалары келді. Бұл жолғы жазғы Спартакиада қатысушылар санының көптігімен де ерекшеленіп отыр. Спорттық сайыстар алаңына «ҚазТрансГаз Аймақтың» 200-ге жуық қызметкері шықты.

Жазғы Спартакиаданы өткізудің мақсаты компания қызметкерлері арасында дене шынықтыруды, спорт пен саламатты өмір салтын насихаттау.  

Спартакиаданың ашылуында сөз сөйлеген «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директордың орынбасары Ғ.А. Айдосов, қызметкерлер арасында жылына екі мәрте өткізілетін осындай спорттық сайыстың командалық рух пен өзара түсіністік қалыптастыруда таптырмас құрал екенін атап өтті.

«Жүйелі түрде өткізілетін спорттық жарыс­тар және турнирлер ұжымның ұйымшылдығына әкеледі, компаниядағы психологиялық климат үшін маңызы өте үлкен. Қызметкерлерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру біздің корпоративтік мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұны біздің қызметкерлеріміздің денсаулығын жақсартуға салынған инвестиция деп те айтуға болады. Өйткені, денсаулығы мықты және рухы күшті адам ғана жемісті және табысты жұмыс істейтіні жалпыға белгілі», – дейді Ғ.Айдосов.

Сайыстар қорытындысы бойынша, жал­пыкомандалық 1-орынды биыл дербес команда болып қатысқан Атырау өндірістік филиалының қызметкерлері алды. Екінші орын – Ақтөбе өндірістік филиалының еншісінде. Үшінші орынға Батыс Қазақстан өндірістік филиалы лайық деп танылды.

Спартакиада жеңімпаздарын спорттың командалық түрлері бойынша кубоктармен марапаттап, жарыс көшбасшыларына медальдар және бағалы естелік сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар