• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

Ондыққа тиген он жол

302 рет
көрсетілді

Винченцо Нибалиге еш­нәрсе кедергі емес. Жа­қында «Вуэльта» жарысына қатысып жатқан «Астана» командасының велошабандозы В.Нибалиді дәл маңдайынан ара шағып алды. Соның салдарынан «Астана» капитанының беті ісіп кетті.

Соған қарамастан, «Ас­тана» командасының капитаны Испания жолдарымен өтіп жатқан «Вуэльта» ве­ло­көпкүндігінде жалпы есеп­те қайта көш басына шықты.

«Шахтер»құрамын жа­­­сақтады. Футболдан Еу­ро­па лигасына қатысатын Қа­рағандының «Шахтер» ко­мандасының тізімі белгілі болды.

Команда жаттықтырушысы Виктор Кумыков Еуропа лигасына 25 ойыншының қаты­сатынын мәлімдеді. «Шахтер» топтық кезеңдегі алғашқы матчын қыркүйектің 19-ынан 20-сына қараған түнде Грекияда жергілікті ПАОК-қа қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақы­тымен сағат 01:05-те басталады.

Кенжесариевке ота жасалады. Жуырда Алматыда соққыға жығылған «Ақтөбе» командасының футболшысы Эмиль Кенжесариев жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Бірнеше аптадан соң Кен­жесариевке Германия немесе Израиль клиникаларының бірінде қайта ота жасалады. Ал футболшының клубтастары мен достары қымбат отаға қажет қаржыны жинап беруді жоспарлап отыр. Оған кемінде 50 мың доллар қажет деген дерек бар.

Головкиннің қарсыласы белгілі болды. GGG лақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы анықталды.

Ол АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістіреді. Геннадий атағын WBA сериясы бойынша 9-рет, IBO бойынша 6-рет қорғайын деп отыр. Кездесу 2 қараша күні Нью-Йорк қаласындағы Мэдисон Сквер Гарден аренасында өтеді.

Чиншанло Қазақстанда қалады. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Алексей Ни Зүлфия Чиншанло қытайлық азаматқа тұрмысқа шықса да, ешқайда кетпейтінін айтты. «Ол Қазақстанның намысын қорғай беретін болады», деді ол.

Оның айтуынша, Зүл­фия­ның жұбайы Қазақ­­станда тұ­руға өтініш білдірген. Ол үшін тиісті құжаттарын да тапсырып қойған екен.

Жаңа хоккей маусымы басталды. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті алтыншы маусымы жалауын желбіретті.

Биылғы маусымның ал­ғашқы кездесуі «Динамо» (Мәскеу) және «Трактор» (Че­лябі) командалары арасында өтті. Матчта алаң иелері қарсыластарын 5:1 есебімен ұтты. Ал Астананың «Барыс» командасы алғашқы ойынын 8 қыркүйекте «Северсталь» командасына қарсы өткізеді.

7 қыркүйек күні еліміз бойынша Денсаулық фес­тивалі өтеді. Биылғы фес­тивальдің ұраны – «Ден­сау­лығым керемет – жаттығуға көп рахмет!» Ол саламатты өмір салтын, дене тәрбиесі мен спортты насихаттауға ар­налады. Онда еліміз бойынша жаппай гимнастика жаттығуларын жасау жоспарлануда. Ол үшін таңертең бір уақытта радиожелі арқылы кешенді жаттығулар мен оларды орындау тәртібі таратылады.

Хижниченко – тамыз айының үздік футболшысы. Қарағандының «Шахтер» командасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Премьер-лигадағы тамыздың үздік ойыншысын анықтауға жүргізілген сауалдама нәти­жесі бойынша жеңімпаз атанды.

Сауалдамаға барлығы 27 фут­болшы (өткен айда 34) қа­тысты. Чемпиондар лига­­сының үш ойынында Хиж­ниченко екі гол соқты. Сондай-ақ, Қазақстан және Грузия құрамаларының арасында өткен жолдастық кездесуде оның соққан жалғыз голының арқасында отандастарымыз жеңіске жетті.

«Барыстың» бюджеті – 16,8 млн. АҚШ доллары. Құрлықтық хоккей лига­­­сы командалары биылғы бюд­жетін жариялады. Қолда бар мә­ліметтерге қарағанда, ең көп бюджет С

Соңғы жаңалықтар