• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

Білім және ғылым министрі. Ол кім?

717 рет
көрсетілді

Биылғы жаңа оқу жылының алғашқы күндерінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол осыған дейін білім саласында мол тәжірибе жинақтаған. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

А. Б. Сәрінжіпов 1974 жылы 17 сәуірде туған. Экономика ғылымдарының кандидаты, жоғарғы білімді әкімшілендіру саласындағы Пенсильвания университетінің докторы (АҚШ). 

Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, Оклахома университетін (АҚШ), Вена дипломатиялық академиясын бітірген. Сонымен бірге, Гарвард университеті Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат мектебінде тағылымдаман өткен.

1996 жылы еңбек жолын Орталық Азия мемлекетаралық кеңесі атқарушы комитетінің референті болып бастады. 

1997 жылы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратына ауысты. 1998-2002 жылдары Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі атташе қызметін атқарды (Вашингтон).

2002-2007 жылдары Дүниежүзілік  банктің Орта Азия бойынша инфрақұрылымдар, қаржылық нарық және білім мәселелері жөніндегі жоба  үйлестірушісі болды. Сондай-ақ, елімізде Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге қатысты.

2007-2009 жылдары Үкімет пен Ұлттық банктің жанындағы «Ұлттық талдау орталығы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып, экономикалық даму, қаржы және білім салаларына жетекшілік жасады. 

2009-2013 жылдары «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымы атқарушы кеңесінің төрағасы болды. «Назарбаев Университеті» білім мектебінің қауымдастырылған профессоры.

«Назарбаев университеті» ДББҰ-ның құрылғанынан бастап қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 

2012 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Жалпы, А. Б. Сәрінжіпов «Назарбаев Университетін» құрушылардың бірі болып саналады. Ал жақында ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында мына жайды баса атап өтті: «Мен бұл қызметке жаңадан тағайындалғандықтан, мекеменің жұмысына енді ғана араласа бастадым. Таяу арада бағдарлама әзірлеп, халыққа таныстырамын. Маған дейін атқарылған жұмыстар бар, оларды да басшылыққа ала отырып әрекет жасаймын. Үлкен істер атқарылды, дұрыс жолға қойылған көптеген мәселелер де баршылық. Мемлекет басшысы тағы бірқатар міндеттер жүктеді. Белсенді жұмыс істеуге тырысамыз және таяу арада атқарылған жұмыстармен алдарыңызға қайта шығамыз».

Әмірхан Алмағанбетов.

Соңғы жаңалықтар