• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
06 Қыркүйек, 2013

«Мұсылман бауырлар» қауымдастығын тарату жөнінде шешім қабылданды

644 рет
көрсетілді

Мысыр билігі наурыз айында үкіметтік емес ұйым болып тіркелген «Мұсылман бауырлар» қауымдастығын тарату жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы «Аль-Ахбар» газетінің бүгінгі берген мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Министр аталмыш шешімді қабылдап қойды, алайда, ол туралы ресми түрде келесі аптада өтетін баспасөз конференциясында жарияланады», – деп мәлімдеді әлеуметтік ынтымақтастық министрлігінің ресми өкілі Хани Махана.

«Мұсылман бауырлар» қауымдастығы 1928 жылы құрылды. 1954 жылы Мысыр әскери үкіметі бұл қозғалысқа тиым салған болатын. Ал 2011 жылы Хосни Мүбәрәк қызметінен босатылған соң, президенттік сайлау нәтижесімен «Мұсылман бауырлар» таққа келді. Исламистердің мемлекетті басқаруы халық арасында үлкен дау-дамай туғызып, үстіміздегі жылдың шілде айында әскерилер Мухаммед Мурсиді қызметінен шеттетті.

Қауымдастықты тарату жөніндегі ұсынысты бұдан бұрынырақ Мысыр сот алқасы білдірген болатын. Мысырдың бас прокуратурасы Мухаммед Мурси мен «Мұсылман бауырлар» қауымдастығының 14 жетекшісіне байланысты істі сотқа өткізді. Олар адамдарды қантөгіс пен зорлық-зомбылыққа итермелегендері үшін айыпталуда. Өткен жылдың 5 желтоқсанында Каирдегі «Иттихадия» президент сарайының алдында кісі өліміне соқтырған қақтығыс аталмыш айыптың басты көрінісі ретінде қарастырылып отыр.

 

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар