Қалалық қызметтер, әскерилер, әскерге шақырылушылар елордада үшінші рет ауқымды дезинфекция өткізеді. Үшінші айналым бойынша тұрғын үйлер, соның ішінде орамішілік аумақтар қайта қамтылады.
Өңдеуге қалалық қызметтермен бірлесіп дезинфекцияға Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері мен әскерге шақырылушылар, барлығы 500-ге жуық адам қатысады. Күн сайын адамдар көп жиналатын орындарды: әлеуметтік объектілер, базарлар, СОО, блокпосталар және т.б. дезинфекциялайды.
«Біздің бригаданың бөлімшесі Нұр-Сұлтан аумағында дезинфекциялаумен айналысады. Бөлімшеден 300-ден астам адам қаланың дезинфекциясына шығады. Әскери бөлімнің жеке құрамы оқытылған, дезинфекция жүргізуге дайындалған, барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген, дезинфекциялық құралдар қоры бар. Біздің дәрігерлер тұратын медициналық ұйымдардың, қонақ үйлердің аумақтарына ерекше көңіл бөлемін» деп атап өтті 68/665 ә/б радиациялық химиялық биологиялық қорғау қызметінің бастығы Дмитрий Ефимов.
Сонымен қатар елорда көшелерінде жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.