Ақмола облысында қайтыс болған науқас туралы ақпаратты Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Бұл 1936 жылғы ер адам. Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығында болған.5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған.9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ИВЛ аппаратында болды.Диагноз: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы.Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.