• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Өңірдің өнімді жұмысы– өмірдің сенімді ырысы

285 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында реформалар ойдағыдай жүзеге асып келеді

Ілкімді істер легі

Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің ұйым­дастыруымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Са­парбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкіл­дері­мен кездесіп, өзі басқаратын өңірдің жағдайы мен онда жүр­гізіліп жатқан жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Журналистер баспасөз мәс­лихаты басталмас бұрын «Қаз­медиа» орталығында ұйым­дастырылған аталған облыстың көрмесімен танысты. Мұнда оларға көптеген ақпараттар берілді.

Баспасөз мәслихатының алдында Президент Әкімшілігі Бас­­шысының орынбасары Ғабидолла Әб­дірахымов сөз алып, мұндай шара бұдан былай­ғы уақытта жүйелі түрде өтіп оты­ратындығын, әр аптаның жұ­ма­сы күні әр өңір­дің басшысы ке­ліп, журна­лис­терге өздерінің жүр­гізіп жатқан жұмыстары туралы баяндап,­ қойған сұрақтарына жауап беретіндігін айтып өтті. Осы шараның беташары Шығыс Қазақстан облысынан бас­талып отыр екен.

Шығыс Қазақстан облысында реформалар ойдағыдай жүзеге асып келеді

 Ілкімді істер легі

Кеше Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің ұйым­дастыруымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.Са­парбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкіл­дері­мен кездесіп, өзі басқаратын өңірдің жағдайы мен онда жүр­гізіліп жатқан жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Журналистер баспасөз мәс­лихаты басталмас бұрын «Қаз­медиа» орталығында ұйым­дастырылған аталған облыстың көрмесімен танысты. Мұнда оларға көптеген ақпараттар берілді.

Баспасөз мәслихатының алдында Президент Әкімшілігі Бас­­шысының орынбасары Ғабидолла Әб­дірахымов сөз алып, мұндай шара бұдан былай­ғы уақытта жүйелі түрде өтіп оты­ратындығын, әр аптаның жұ­ма­сы күні әр өңір­дің басшысы ке­ліп, журна­лис­терге өздерінің жүр­гізіп жатқан жұмыстары туралы баяндап,­ қойған сұрақтарына жауап беретіндігін айтып өтті. Осы шараның беташары Шығыс Қазақстан облысынан бас­талып отыр екен.

Мұнан кейін сөз алған Бердібек Сапарбаев журналистерді Шығыс Қазақстанда Елбасының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстармен, өңірдің тынысымен жан-жақты таныстырды. Бұл мәселе туралы газетіміздің осы нөмірінде айқарма бет бе­ріліп отыр. Онда облыс әкімі­нің жеке мақаласы орын ал­ған. Сондықтан біз баспасөз мәс­лихаты кезінде айтылған көп­те­ген жәйттерді баяндамай-ақ, осы шағын репортажымызда Бер­дібек Сапарбаевтың білікті де тәжірибелі басшы ретіндегі жеке қолтаңбасын білдіретін мәсе­лелерге ғана тоқталып өткенді жөн көрдік.

Баспасөз мәслихатынан байқағанымыздай, Бердібек Мәшбекұлы елді ұйыстыра отырып басқарудың әдіс-тәсілдерін іздейтін секілді. Соның бірі ретінде осыдан біраз уақыт бұрын қолға алынып, жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан «Туған жерге тағзым» акциясын айтуға болады. Бұл акцияға Елбасының «Мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде де толыққанды серіктес болуы керек» деген сөзі ұран етіп алынған. Осы акцияның өту барысында қаржылы азаматтар өздері өскен ауылдарына, елді мекендеріне көмек көрсету мақсатында қаржы құйып, тапсырылған істерді орындауға кірісіп кеткен. Акция басталған 2009 жылы осындай жолмен 1,6 миллиард теңгеге 126 жоба жүзеге асса, 2010 жылы келген қаржы көлемі 3,9 миллиард теңгені, 2011 жылы 6,5 миллиард теңгені, 2012 жылы 3,7 миллиард теңгені, ал 2013 жылдың 8 айында 5 миллиард теңгені құраған.

Жиыны 3 мыңға тарта жоба жүзеге асқан. Соның ішінде мемлекет және қоғам қайраткері Т.Сүлейменов Аягөз қаласында 64 миллион теңгенің спорт кешенін, «Елім-ай» шаруа қожалығының директоры Б.Бекбердинов Көкпекті ауылында 170 миллион теңгенің мәдени кешенін, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бас директоры С.Толықбаев Қасым Қайсенов атындағы кентке 40 миллион теңгенің орталық стадионын салдырып берген. Басқа да көптеген азаматтар осындай іргелі құрылыстарды жүргізген.

Бердібек Сапарбаевтың шығыста қолға алған тағы бір ісі дамуға мүмкіндігі зор ауылдарды іріктеп, оларға қолдау көрсету. Сөйтіп бірте-бірте осылардың негізінде басқа да ауылдарды дамыту . Осы үшін «Шығыс Қазақстан облысының тірек елді мекендерін дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламасы» жасалынған. Бұл бағдарламаны қаржы­лан­дыруға негізінен алған­да облыстық бюджетпен қатар осы өңірден шық­қан кәсіпкерлер мен инвес­тор­лардың қаржылары тартылған. Осы бойынша 2012 жылы 40 ауылшаруашылық нысаны, 100-ден аса кәсіпкерлік нысаны салынған. 60 әлеуметтік нысан жөндеуден өткізіліп, 29 демалыс алаңы көгалдандырылған. 25 шақырым жол жөнделіп, 56 көше жарақтандырылған. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруда 3232 жұмыс орны ашылған. Ал енді үстіміздегі жылы 45 ауылшаруашылық нысанын, 120 шағын және орта бизнес нысанын ашу, 65 әлеуметтік нысанды жөндеу, 32 көше мен олардың жолдарын жөндеу, 16 көшені жа­рық­тандыру жоспарланып, жүзеге асырылуда екен. Шынын айтқанда, осын­дағы әрбір цифрлардың аясын­да үлкен жұмыстар жүргі­зіліп, тірек ауылдардың бет-бейнелері, әлеуметтік қалыптары ажарлана түскен. Шығыс Қазақстан облысы – мұндай бағдарламаны қолға алып, жүзеге асырып жатқан еліміздегі бірден-бір өңір.

Бердібек Сапарбаевтың бастамашылығымен қолға алынған тағы бір шара – «Жайлау» бағдарламасының іске асырылуы. Осы бағ­дар­ламаны жүзеге асыру үшін 2012 жылы 200 миллион теңге қаржы бөлініп, иге­рілген. Бағдарлама былайша жүзеге асады. Ең алдымен, оған қатысушы ауыл тұр­ғындары анықталады. Олар­дың әрқайсысына арнайы келі­сім­шартпен 100 бас ұсақ мал беріледі. Мал алушының міндеті – бес жылда осы малды көбейтіп, оның 200 басын қайтадан қайтарып беру. Мал алушы дұрыс жұмыс істеген жағдайда оның өз қолында кемінде 300 бас мал қалуы тиіс. Сөйтіп, ол бақуатты шаруаға айналады.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында ірі қара өсіремін деушілердің де ұсыныстары жүзеге аса бастады. Осындай тілек білдірген адам­дарға 8 мың бас сиыр са­тып әперілді. Ал биылғы жы­лы бағдарламаның сәтті іске аса бастауы нәтижесінде об­лыс­тық бюджеттен бөлін­ген қаржы былтырғыдан әлде­қайда асып түсіп, 327,8 миллион теңгені құрап отыр. Осы қаржыға кем дегенде 140-тай шаруашылық құрылуы тиіс.

Шығыста, айта берсек, жүзеге асып жатқан осындай өзіндік жұмыстар тізбегі көптеп саналады. Бұл өңірде тұрақты түрде бал жәрмеңкесінің ұйымдастырылуы, кезіндегі Қоянды жәрмеңкесі се­кіл­ді Шыңғыстау мал жәр­мең­кесінің өмірге келуі соның бір айғағы. Облыста әрбір оқушыға күнделікті түрде тегін бал мен сүт беріліп отырады.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».  

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.  

 

Қарымды жұмыстар қайтарымы

Бердібек САПАРБАЕВ,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен тапсырмаларды орындау бойынша Шығыс Қазақстан облысында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Шығыс Қазақстан бүгінде ауқымды ин­дус­триялық-аграрлық әлеуетімен және бірегей табиғатымен жедел дамып келе жатқан, экономикалық ілгерілеушілігі басым аймақ.

Ішкі жалпы өнім көлемі соңғы үш жылда 1,4 есе өсіп, 1761,1 млрд. теңгені құрады. Өңірлік жалпы өнім Шығыс Қазақстанның әр тұрғынына 8,4 мың АҚШ долларынан айналады. Облыстың негізгі макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері тұрақты дамып келеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы рейтингінің нәтижелері бойынша, облыс 2011 жылы – 1 орын, 2012 жылы 2 орынға ие болды. Бұл – әлеуметтік саланы дамыту, инвестиция тарту, инновациялық өндіріс құру бойынша біріккен іс-қимылдардың нәтижесі.

Биыл 7 ай ішінде әлеуметтік-экономикалық дамудың жағымды даму барысы жалғасып отыр. Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 7,3 пайызға көбейіп, 572 млрд. теңгеге артты. Аталған саланың дамуына негізінен өңдеу өнеркәсібі салмақты үлес қосты.

Ауыл шаруашылығы облыстың жетекші салаларының біріне жатады. Есептік кезеңде ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 95 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 25 пайызға өсті. Облыс ауыл шаруашылығындағы республикалық жалпы өнім көлемінің 14 пайызын өндіру нәтижесінде, өзге облыс­тар арасында екінші орынға көтерілді. Сүт өндіруде – бірінші орын, ет өндіруде екінші орын иеленіп отыр.

Кәсіпкерлік саласы өңір экономикасының төрттен бірін құрайды. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 66 мыңға жетті. Онда 230,9 мың адам жұмыс істейді, яғ ни 4%-ға артты. Облыстың жұмыс істеуге қабілетті әрбір үшінші тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады. Олар өндірген өнім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға өсіп, 265 млрд. теңгені құрады. Әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша қалалар мен аудандарға берілген 17 рәсім ретке келтірілді.

Шығыс Қазақстан еліміздегі инвес­тициялық тартымды өңірлердің қатарындағы мәртебесін сақтап келеді. Соңғы үш жылда облыс экономикасындағы инвестиция көлемі 1,8 есе көбейді. Биыл 7 ай ішінде өңір экономикасына 144 млрд. теңге инвестиция құйылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға артық.

Құрылыс жұмыстары 31 пайызға артты (62,2 млрд. теңге), 105 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (25,4%).

Сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылғы қаңтар-шілде айларында 2 млрд. АҚШ долларынан асты. Оның ішінде экспорт – 1,3 млрд, импорт – 803,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Кеден одағы елдерімен сыртқы сауда айналымы 937 млн., соның ішінде Ресеймен – 885 млн., Белоруссиямен 52,4 млн. АҚШ долларына жетті. Бөлшек сауда айналымы 13,3 пайызға өсіп, 247 млрд. теңгені құрады.

Облыста бағаны тұрақтандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Есепті кезеңде инфляция көлемі 102,4 пайызды құрады. Бұл – 2012 жылдың тиісті кезеңінен 0,9 пайызға төмен және орташа республикалық көрсеткіштен 0,4 пайызға аз.

Халықтың белгіленген кірісінің орташа жиынтығы 51,4 мың теңгені құрап, 7,7 пайызға өсті. Кірістің өсуіне негізінен белгіленген орташа еңбекақы деңгейінің өсуі әсер етті. Орташа жалақы көлемі 87 497 теңгеге жетті, яғни 107 пайызға өсті.

Облыста үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы белсенді жүзеге асырылу үстінде. Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 651,8 млрд. теңге тұратын 53 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл 25 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

2010-2012 жылдары 29 нысан пайдалануға берілді (195 млрд. теңге). Осы арқылы 5 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Инновациялық өнім өндіру көлемі жағынан облыс өткен жылы елімізде бірінші орын алды. Қазақстан Республикасындағы инновациялық өнімнің төрттен бір бөлігі Шығыс Қазақстанда өндіріледі.

Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру халықты жұмыспен қамтудың өнімділігін арттырумен тікелей байланысты. Ол 2011 – 2012 жылдары «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы жүргізілсе, қазіргі кезде «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жалғасын тауып келеді.

Ағымдағы жылы шағын несиелеуге арналған қаражаттың ауқымды бөлігі, яғни республикада осы мақсатқа бөлінген 24 млрд. теңгенің 6,6 млрд. теңгесі біздің өңірімізге берілді. Бүгінде 1 487 ауыл тұрғыны жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгенің несиесін алды. Шығыс өңірі бұл тарапта да өзге аймақтар арасында бірінші орынға шықты.

Жұмыссыздарды оқыту тек қана жұмыс берушінің 100 пайыздық еңбекке орналастыру кепілдемесі негізінде жүргізіледі. 1,5 мың адам оқытылып, жұмысқа орналастырылды. Жастардың жұмыс тәжірибесіне мың адам жіберілсе, әлеуметтік жұмыс орындарына 2,7 мың адам жіберілді.

Аймақтағы қалалар мен аудандарда Қоғамдық қолжетімділік пункттері жұмыс істейді. Онда жұмыссыз халыққа жұмыс таңдау мүмкіндігін беретін бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, ақпарат дүңгіршектері бар жастардың еңбек биржасы жұмыс істеуде. Жұмыссыздық деңгейін азайту және азаматтарды кедейшіліктен құтқару үшін 5 қанатқақты жоба жасалды.

Облыста тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық саласын жаңғырту бағдарламасы бел­сенді жүзеге асырылу үстінде.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2012 жылдары бюджеттен бөлінген 11,2 млрд. теңге игерілді. 426 шақырым құбыр желісі салынды және жөндеуден өтті, 32 нысан пайдалануға берілді. 9 ауылда тұратын 13,5 мыңнан аса адам алғаш рет орталықтандырылған су құбырына қосылды. Халықты орталық су құбырымен қамтамасыз етудің нәтижесі 81,9 пайызды, оның ішінде ауылдық жерлерде 61,4 пайызды құрады.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыру мақсатында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл 41 көп пәтерлі және 105 жеке тұрғын үй құрылысы салынуда.

Қаржының маңызды бөлігі әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталуда. Ағымдағы жылы 34,4 млрд. теңгеге 114 нысан салынуда (республикалық бюджеттен – 23,9 млрд., облыс бюджетінен – 10,5 млрд. теңге). Жыл басынан бері 11 нысан, оның ішінде 7 мектеп, мәдени-сауықтыру орталығы, спорттық модуль, дәрігерлік амбулатория және медициналық-әлеуметтік мекемелер пайдалануға берілді.

Білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі – апатты мектептерді жою болып отыр. Бүгінде бізде 47 апат

Соңғы жаңалықтар