• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Катонқарағайға келіңіздер!

500 рет
көрсетілді

Алаштың талантты жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы кіндік қаны тамған Кенді Алтайда кеңінен аталып өтуде. Жақында ғана Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орта мектеп жанынан еңселі ескерткіш бой көтерді. Оған Оралханның қаламдас достары, аға буын өкілдері қатысып, жазушыны еске алды.Мерейтой алда жазушының туған өлкесінде кең көлемде аталып өтпек.

Мерейтой шымылдығын 11 қыр­күйекте облыс орталығында көр­кем­сөз оқу шеберлерінің Оралхан Бө­кей атындағы байқауы ашады. Сол күні Астана мен Алматыдан келетін ақын-жазушылар Катонқарағай ауда­ны Белқарағай ауылындағы Орал­хан Бөкей атындағы мектептің ты­ныс-тіршілігімен танысады. Ер­те­­­ңінде жазушының кіндік қаны там­­­­­ған Шыңғыстайда қаламгердің бала­лық және жастық шағына саяхат бағ­дарламасы ұйымдастырылады. 12 қыр­­күйекте жазушының 70 жылдық ме­рейтойына арнап шығарылған кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтіп, кешкісін Шыңғыстайдағы орта мек­теп­­те ас беріледі. Сол күні Өрел, Ақ­­қай­­­нар, Алтынбел орта мектеп­­­те­рін­де ақын-жазушылармен кездесулер өте­ді.

13 қыркүйекте Катонқарағай ауылында Оралхан Бөкейдің еңселі ескерткіші ашылмақ. «Көркем сөз­дің құлагері» атты ғылыми-прак­тикалық конференция, Семей қала­сы драма театрының әртістері Катон­қарағайдағы ауылдық мәде­ниет үйінде өз өнерлерін көпшілік тал­қысына ұсынбақ.

Түстен кейін ұлттық спорт түр­лері бойынша жарыстар ипподромда басталып, «Алтай барысы» қазақ күресінде бас бәйгені иеленген балуанға көлік тапсырылады.Сондай-ақ, 15, 25 шақырымдық бәйге жеңімпаздары мәреден көріне­­ді. Сахна төрінде жергілікті өнер­­­паздар мен танымал әншілер ән мен жырдан шашу шашпақ. Алтай­дың кербұғысының аруағы Мұз­тауына оралып, жерлестерімен қауышпақ.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар