• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Өндірісті өңірдегі өрелі еңбек

352 рет
көрсетілді

Кеше облысқа бір күндік жұмыс сапарымен еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов келді. Сапар барысында Үкімет басшысы облыс орталығында және Екібастұзда индустриялық жобалар аясында жұмыс жасап жатқан бірқатар өндіріс орындарымен танысты.

Кеше облысқа бір күндік жұмыс сапарымен еліміздің Премьер-Министрі Серік Ахметов келді. Сапар барысында Үкімет басшысы облыс орталығында және Екібастұзда индустриялық жобалар аясында жұмыс жасап жатқан бірқатар өндіріс орындарымен танысты.

Серік Ахметов жұмыс сапарын облыс орталығындағы «Каустик» АҚ және «Нефтехим» АҚ өндіріс орнындарын аралаудан бастады. Химия-технология саласын өркендетуге жұмыс жасап жатқан «Каустик» АҚ болса, өндіріс орны қайта жөндеуден өткен соң хлор, каустикалық сода мен тұз қышқылын шығаруда. Кәсіпорын кезінде Батыс Сібір, Орал және Орталық Азияны химиялық өнімдермен қамтамасыз етті. Қор­шаған ортаға қауіпті зауыт 1994 жылы жабылды. Каустикалық ұнтақ пен хлор алу үшін сынап қолданылып келген-ді. Кәсіпорын аумағында сынап қалдығы жиналғаны анықталып, оны залалсыздандыру жұмыстарына мемлекет қаражат бөлді. Өзгерістер уақыты өмірге жаңа технологиялар әкелді. Зауыт қайта жаңғырды. Үкімет басшысы Серік Ахметов «Каустик» АҚ-та мембранды әдіс бойынша каустикалық сода мен хлор шығарылатын негізгі цехты аралап, жұмыс барысымен таныс­ты. Мамандардың айтуларынша, каустикалық ұнтақ және хлор өндірістері жалындаған отсыз, түтінсіз мембранды технология жүйесінде жасалады. Мем­бранды әдіс италиялық «Uhdenora» компаниясының құ­рал-жабдықтары негізінде қол­данылады. Заманауи технология өнімнің сапасын арттырып, энергия үнемдейді. Жобаның құны – 16 млрд. теңге.

Осы орайда «Каустик» АҚ акционерлері құрамына «Қаз­атом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың­ кіретінін айта кету қажет. Бұл­ мәміле үстіміздегі жылғы қыр­күйек­тің соңына қарай жүзеге асады деп жоспарланып отыр. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-тың қо­сылуы «Павлодар» ЕЭА аума­ғын­да «Каустик» АҚ-тың қуаты 90,000 тонна болатын хлорлы-сілті өндірісінің екінші кезегі құрылысының жобасын жүзеге асы­руға жағдай жасайды. Ол отандық экономиканың каустикалық содаға деген қажеттілігін 100 пайызға қамтамасыз етпек.

Облыс әкімі Ерлан Арын Серік Ахметовті облыста жүргізіліп жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жұмыстармен және еркін экономикалық аймақтың инвестициялық жобаларының барысымен таныстырды. Облысқа инвестиция тарту мүмкіндігі мол. Экономикалық аймақта жұмыс орындары ашылады, өндірісті өңірдің экспорттық әлеуеті артуда.

Премьер-Министр Серік Ахметов танысқан екінші өндіріс орны «Нефтехим» АҚ деп аталады. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна метил трет-бутил эфирін, 30 мың тонна пропилен мен полипропилен өндіреді. Биылғы жылдың маусым айында облысқа келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пропиленнен жасалатын клапанды және стандартты қапшықтар шығаратын полимер өнімі цехының қосылуына қатысқан болатын.

Ал, австриялық «Starlinger» компаниясы жеткізген қондырғы жылына 51,5 млн. клапанды және стандартты қапшықтар, 3 млн. қума метр торлы орама шығаруға мүмкіндік беруде. Серік Ахметов кәсіпорын жұмысына жоғары баға берді. Инвестиция көлемі – 3,3 млрд. теңге. Жаңа кәсіпорын өнімінің жартысын ішкі нарықта саудаламақ.

Бұдан кейін Үкімет басшысы­ның сапары Екібастұз қаласында жалғасты. Алдымен жүк вагондарын шығарумен айналысатын Екібастұздағы «Қазақстан ва­гон жасау компаниясы»­ ЖШС-ін аралап көрді. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2009-2011 жылдары кәсіпорында жүк вагондарын шығару бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жеті айда­ 499 жартылай вагон шығары­лып­ты. Кәсіпорын басшылығы Серік Ахметовке отандық вагон жасау саласындағы өндірісті те­жеп тұрған отандық құйма тауар өндірушілердің жоқтығы екенін айтты. Ал, алда өндірісті әртараптандыру аясында модельдік қатарды кеңейту жоспарланып отыр. Келешекте жылына 2500 ва­гон шығару мүмкіндігі бар. Цехтардың ішіндегі құрастыру жұмыстарының көбі автоматтандырылып, компьютерлендірілген. Премьер-Министр Серік Ахметов болған келесі кәсіпорын – «Пром­машкомплект» жеті ай ішін­де 6,5 млрд. теңгенің өнімін өн­ді­ріпті. «Проммашкомплект» ЖШС «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен рес­публиканың өнеркәсіп кәсіп­орындарын жоғары жол салу ма­териалдарымен, қосалқы бөл­шектермен және темір жол доң­ғалақтарымен қамтамасыз етіп отыр. Үкіметтің импортты алмастыру бағдарламасы орындалып, қазақстандық өнім Тә­жікстан, Қырғызстан мен Өзбек

Соңғы жаңалықтар