Ашғабад сапарының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Иран Ислам Республикасы Парламентінің Төрағасы Али Лариджанимен кездесті. А.Лариджани да Түркіменстанда сапарда жүрген болатын.

Иран Парламентінің басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыз айындағы Теһранға сапарына және оның Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Роуханидің инаугурациясына қатысуына жоғары мән берді. Иран Қазақстанмен өзара тиімді әріптестік тұрғысында ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Қазіргі кезде тараптар «Солтүстік – Оңтүстік» темір жол дәлізін (Қазақстан – Түркіменстан – Иран) жедел іске қосуға ерекше назар аударып отыр.
Кездесуде, сондай-ақ, басқа да жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, атап айтқанда, Сирия мен Ауғанстандағы жағдайлар талқыланды. Жүздесушілер, сонымен қатар, Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі көпжақты келіссөздердің келешегі туралы пікір алмасты.
Анар Төлеуханқызы,
«Егемен Қазақстан» – Ашғабадтан.