• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Сәуір, 2020

Қазақстанда 112 адамнан коронавирус анықталды

446 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі 23:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша елде 100-ден астам адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 112 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 3, Алматы қ. – 99, Қарағанды облысы – 1, Алматы облысы – 1, Ақмола облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 2, Түркістан облысы – 1, Атырау облысы – 3.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1091 адам анықталды. 

Вирус ең көп тараған аймақтар бойынша Алматы қаласында 271 жағдай, Нұр-Сұлтан қаласында 260 жағдай және Қызылорда облысында 119 дерек тіркелген.