2013 жылғы 25 ақпан, Астана, Үкімет Үйі
Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 53-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын және 7-тармақтың 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы №185 қаулысымен бекітілген
Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер 1. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 53-1) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру туралы шешімді қабылдауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады. 3. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдаулардың түрлері бойынша жүзеге асырылады.4. Рұқсат беру үшін тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдаулар мынадай түрлер бойынша жіктеледі:1) бір облыс шегіндегі елді мекендер арасында жүзеге асырылатын жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалы; 2) әр облыста орналасқан елді мекендер арасында немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен байланыстыратын өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалы. 5. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат бір немесе екі түр бойынша беріледі.
2. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беруге қойылатын біліктілік талаптары6. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:1) жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалын орындау үшін:авиакомпанияның Қазақстан Республикасында тіркелуі және пайдаланушы сертификатының болуы;авиакомпания белгілеген кесте бойынша (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде екі әуе кемесі бар әуе кемелер паркінің болуы (жеке меншіктегі немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған);жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалдаулар жоспарланатын әрбір әуежайда өкілдіктің және персоналдың болуы;2) өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдарын орындау үшін:авиакомпанияның Қазақстан Республикасында тіркелуі және пайдаланушы сертификатының болуы;авиакомпания белгілеген кестеге сәйкес (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде бес әуе кемесі болатын әуе кемесі паркінің болуы (жеке меншікте немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған);тұрақты емес тасымалдарды орындау немесе жергілікті (облысішілік) жолаушылар авиатасымалдарын орындау бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; автоматтандырылған броньдау және әуемен тасымалдауларды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру бойынша персоналдың болуы;өңірлік (республикаішілік) әуемен жолаушылар тасымалдауларын орындау жоспарланатын әрбір әуежайда өкілдіктің және персоналдың болуы;авиакомпания белгілеген ұшу кестесі бойынша ұшуды ұйымдастыру үшін қаржылық ресурстардың болуы және жеткіліктігі;тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз нысанында ресімдеуді қоса алғанда, автоматтан