• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №300

268 рет
көрсетілді

2013 жылғы 29 наурыз,    Астана, Үкімет Үйі

Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекiту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               C.АХМЕТОВ.

 Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2013 жылғы 29 наурыздағы   №300 қаулысымен  бекітілген

Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары

1. Жалпы ережелер 1. Осы Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі тәртібін айқындайды. 2. Қағидалар олардың меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілеріне қолданылады. 3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) авариялық бұзылыс – электр ондырғысы немесе оның элементтерi жұмысының технологиялық параметрлерiнiң олардың iстен шығуын немесе пайдалану кезiнде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;2) коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі – өлшем құралдарының және электр энергиясын өлшеуге, жинақтауға, өңдеуге, сақтауға және есепке алу деректерін беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы;3) диспетчер – төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына тиісті диспетчерлік орталықтың операциялық аймағында электр энергетикасының режимі мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдаланудың жай-күйін басқару жөнінде диспетчерлік орталықтың атынан командалар мен өкімдер беруге уәкілетті қызметкер;4) диспетчерлік команда – жоғары тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчері байланыс арналары арқылы төмен тұрған диспетчерлік орталықтың диспетчеріне немесе электр энергетикасы субъектілерінің жедел персоналына технологиялық жұмыс режимдері мен электр жабдығын, құрылғылары мен электр желілерін пайдалану жай-күйін басқару жөнінде нақты іс-қимыл (іс-қимылдар) жасауға (жасаудан қалыс қалуға) нұсқау; 5) электр энергиясын сатып алу/сату шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасында белгіленген кезеңде оларды табиғи жеткізумен электр энергиясын сатып алуға/сатуға жасалатын келісім; 6) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi – Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенiмдi және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр беру желiлерi мен шағын станциялардың жиынтығы (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ-і);7) Қазақстан БЭЖ-нің қалыпты жұмыс режимі – режимді жоспарлау кезінде көзделген электр энергетикасы жүйесінің барлық элементтері жұмыс істейтін және жасалған шарттардың талаптарына сәйкес электр энергиясының барлық тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін қалыптасқан жұмыс режимі;8) электрмен жабдықтауды шектеу – тұтынушыға электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтату; 9) оралымды басқару – көрсетілген жабдықтың, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйі тиісті диспетчерлік орталық диспетчерінің командасы бойынша ғана өзгертілетін электр жабдығын, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;10) жедел жүргізу – көрсетілген жабдықпен, құрылғылармен және электр желілерімен операцияларды орындау қарамағында көрсетілген жабдық пен құрылғы бар жедел-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған диспетчерінің рұқсатымен жүргізілетін электр жабдығының, құрылғылар мен электр желілерінің пайдаланылу жай-күйін басқаруды ұйымдастыру;11) Қазақстан БЭЖ-нің авариядан кейінгі жұмыс режимі – электр энергетикасы жүйесінің зақымданған элементін авариялық ажыратудан кейін туындайтын және қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіргенге дейін жалғасатын қалыптасқан режим;12) Қазақстанның БЭЖ-і электр қуатының резервi – шартта көзделген талаптарға сәйкес келетін қажетті құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендiруге дайындық дәрежесi бар энергия өндiрушi ұйымдар агрегаттарының электр қуаты;13) жоспарлау жүйесі – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтыну жөніндегі өтінімдерін бір күн бұрын беру, электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру, сондай-ақ күнбе-күн өтінімдерін (бекітілген тәуліктік кестесін түзету) беруге арналған бағдарламалық-техникалық құралдар жиынтығы;14) жүйелiк оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;15) жүйелік шектеулер – Қазақстан БЭЖ-нің технологиялық жұмыс істеу параметрлерінің шекті рұқсат етілетін мәндері;16) электр энергиясын өндiрудің-тұтынудың тәулiктiк кестесi – электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес күнтiзбелiк әрбiр тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін, жүйелік оператор бекiткен құжат;17) технологиялық параметрлер – техникалық құрылғының, жүйенің, құбылыстың немесе процестің қандай да бір қасиеттерін сипаттайтын физикалық шамалар;18) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты балансы (бұдан әрі – нақты баланс) – жүйелік оператор есепті кезеңде жасаған электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықта­рын­да, теңгерімдеуші нарығында өндірілген, берілген және тұтынылған электр энергиясының көлемін атаулы бөлуді белгілейтін құжат. Нақты баланс Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтер­ме сауда нарығы субъектілерінің арасында өзара есеп айырысу жүргізу үшін негіз болып табылады;19) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару – жүйелiк оператор жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi сенiмдiлiгiнiң нормативтiк деңгейiн және электр энергиясының нормативтiк сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келiсiлген жұмысын үздiксiз басқару процесі.4. Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне шарт негізінде жүйелік қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:1) техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ете отырып, ұлттық электр желiсi бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсету; 2) электр энергиясын өндiрудің-тұтынудың нақты теңгерiмдерiн жасау мен тәулiктiк кестесiн қалыптастыруды қоса алғанда, Қазақстан БЭЖ-нің жұмыс режимдерiн орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, электр энергиясын желіге босату мен оны тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызмет көрсету; 3) электр қуатын резервтеу жөніндегі қызмет көрсету; 4) Қазақстан БЭЖ-нің электр энергиясын өндіру/тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсету. 5. Жүйелік оператор шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызмет көрсетудің мынадай түрлерін сатып алады:1) электр қуаты резервтерін әзірлікте ұстап тұру жөніндегі қызмет көрсету;2) қуатты (жиілікті) реттеу жөніндегі қызмет көрсету.6. Жүйелік оператор жүйелік қызмет көрсетуді электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен жасасқан шарттар негізінде көрсетеді. Жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерге арналған тарифтер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгіл еген тәртіппен айқындалады.

2. Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуі тәртібі7. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер электр энергиясын белгілі бір уақыт кезеңінде (апта, ай, тоқсан, жыл) жеткізумен, екіжақты сатып алу-сату мәмілелерін жасасқан көтерме сауда нарығының субъектілеріне көрсетіледі.8. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жүйелік оператор: 1) белгіленген тәртіппен бекітілген Электр желілік қағидаларға сәйкес жалғануға техникалық талаптарды орындаған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қондырғыларын ұлттық электр желісіне қосуды қамтамасыз етеді;2) шартта келісілген теңгерімді тиесілілік есепке алу нүктелеріндегі бөлу шекараларында, көлемде және мерзімде субъектінің электр энергиясын ұлттық электр желісіне қабылдауды жүзеге асырады; 3) шартта келісілген теңгерімді тиесілілік есепке алу нүктелеріндегі бөлу шекараларында, көлемде және мерзімде субъектінің электр энергиясын ұлттық электр желілерінен беруді жүзеге асырады;4) ұлттық электр желісін жұмысқа жарамды күйде ұстап тұрады;5) ұлттық электр желісінің ағымдағы дамуын, пайдаланылуы мен қызмет көрсетуін, ұлттық электр желісіне инвестициялар жоспарлауды жүзеге асырады;6) релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді, оларды пайдалану әзірлігінде ұстап тұру және дамытуды жүзеге асырады;7) Қазақстан БЭЖ-дегi электр энергиясының стандартты жиiлiгін ұстап тұруға бағытталған шараларды орындайды;8) ұлттық электр желісі шегінде электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімін жасайды;9) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті ұсынады;10) электр энергиясын өндіру-тұтыну режимінің тәуліктік кестесін қалыптастыру үшін сатып алынатын электр энергиясының шарттық көлемдері бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен өтінімдер қабылдайды;11) электр энергиясын беру және тұтыну режимдерін жүргізу бойынша өкімдер береді. 9. Жүйелік оператордан электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері:1) жүйелік операторға электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарына кедергісіз қолжетімділікті ұсынады;2) Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясының стандарттық жиілігін ұстап тұруға бағытталған нормативтік талаптарды орындайды;3) ток қабылдағыштардың және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті жай-күйін ұстап тұрады;4) жүйелік оператордың электр энергиясын беру және тұтыну режимін жүргізу жөніндегі нұсқауларын орындайды;5) осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес бекітілетін нұсқаулықтардың ережелерін орындайды;6) жүйелік операторға электр энергиясын беруге арналған болжамды айлық (ай басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын), тоқсандық (тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын), жылдық (жыл басталғанға дейін күнтізбелік 150 күн бұрын) өтінімдерді береді;7) шектес елдердің электр желілері арқылы электр энергиясының импорты, экспорты және/немесе транзиті жағдайында қажетті кедендік рәсімдерді орындайды;8) энергия беруші ұйымдармен коммерциялық есепке алудың бірыңғай өлшемін сақтау, электр желілерінің теңгерімді тиесілігі шекарасында коммерциялық есепке алудың жүйелік оператордың автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесімен үйлесімдігі мәселелерін келіседі. 10. Жүйелік оператор электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді толық немесе ішінара тоқтатуды мынадай: 1) электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді тоқтатқанға дейін кемінде 72 сағат бұрын алдын ала жазбаша түрде хабардар ете отырып, көтерме сауда нарығының субъектісі ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсетуге ақы төлеу жөніндегі шарт талаптарын бұзған;2) ұлттық электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізілген және басқа бағыттар бойынша электр энергиясын беру мүмкін болмаған;3) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асыруға кедергі келтіретін технологиялық бұзылыс туындаған жағдайларда жүргізеді. 11. Жүйелік оператор электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көрсетуді тоқтатуды элект р энергиясын беру жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартта, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда, электр энергиясын толық немесе ішінара тұтыну режимін шектеу жолымен жүргізеді.12. Тұтыну режимін толығымен шектеу көтерме сауда нарығының субъектісіне электр энергиясын беруді тоқтату жолымен жүзеге асырылады. Көтерме сауда нарығының субъектісіне электр энергиясын беруді тоқтату жүйелік оператордың объектілерінде ажыратып-қосуды жүзеге асыру не көтерме сауда нарығы субъектісінің электр қондырғыларын ұлттық электр желісінен не энергия беруші ұйымның желілерінен ажырату жолымен жүргізіледі.13. Тұтыну режимін ішінара шектеу көтерме сауда нарығының субъектісіне тәуліктік кестеде айқындалған көлеммен салыстырғанда, электр энергиясының көлемін азайту не тәулік, апта немесе ай ішінде айқындалған кезеңде көтерме сауда нарығының субъектісіне электр энергиясын беруді тоқтату жолымен жүзеге асырылады. 14. Жүйелік оператор электр энергиясын желіге беру мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызмет көрсетуді энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы, энергияны беруші ұйымдарға және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын жеткізуді (импорт) жүзеге асыратын тұтынушыларға көрсетеді. 15. Техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтерді көрсету кезінде жүйелік оператор:1) заңға және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің құрамында электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр қондырғыларының жұмыс режимдерін үздіксіз орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды;2) оралымды-диспетчерлік басқару, телемеханика және байланыс жабдықтары мен құрылғы­ларына, жедел-ақпараттық кешенге техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану әзірлігінде ұстауды;3) Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясы сапасының стандартарымен белгіленген көрсеткіштерін қолдауға бағытталған нормативтік талаптарды орындауды;4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарға жауап беретін электр энергиясының коммерциялық есепке алынуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.16. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-ін орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару процесінде:1) электр энергиясын сатып алу-сату, беру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеу шарттарының талаптарын іске асыратын Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдерін басқаруды; 2) электр энергиясының мемлекетаралық ағындарының режимдерін басқаруды;3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде технологиялық бұзылуды болдырмауды, оқшаулау мен жоюды қамтамасыз етуді;4) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде қуат резервтерін оралымды басқаруды;5) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді және орнықты жұмысын қамтамасыз ететін релелік қорғау, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің құрылымын, қағидаттарын, орналасу орындарын, көлемдері мен орнатылуын айқындауды;6) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндірудің-тұтынудың тәуліктік кестелерін қалыптастыруды және бекітуді;7) электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасауды жүзеге асырады.17. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру, беру мен тұтыну режимдерін басқаруды: 1) электр схемалары мен режимдері, релелік қорғау, аварияға қарсы автоматика және автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі бөлігінде Қазақстан БЭЖ-ін дамыту схемалары, ірі электр станциялары мен жүйе құраушы желілік объектілер бойынша техникалық тапсырмалар мен жобалық әзірлемелерді келісу, жобаларды сараптауға қатысу;2) электр станциялары мен электр желілерде, технологиялық басқару, релелік қорғау және автоматика жүйелерінің негізгі жабдықтарын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жағдайларды жоспарлау және дайындау;3) электр энергиясының көтерме сауда нарығында жасалған шарттардың талаптарын бұзатын электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілеріне шектеулерді енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу; 4) шектес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтарымен, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жедел-диспетчерлік құжаттарды әзірлеу;5) оралымды-диспетчерлік басқару аймағына кіретін Қазақстан Республикасыны ң шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенін электрмен жабдықтау жай-күйі туралы электр энергетикасы және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы мемлекеттік органдарды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;6) оралымды-диспетчерлік басқару аймағына кіретін су электр станциялары мен су қоймаларын пайдалану режимдерінің мониторингілеу;7) жүйелік оператордың құзыретіне кіретін нұсқаулық материалдарды әзірлеу және олармен орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқару жүйесінің барлық құрылымдарын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырады. 18. Жүйелік оператор мемлекетаралық электр энергиясының ағындарын басқаруды:1) шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысты қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар мен келісімдер талаптарының мониторингін жүргізу және оларды орындау;2) мемлекетаралық электр беру желілері бойынша электр энергиясын жеткізуге және беруге арналған шарттарға техникалық сараптама жүргізу және олардың талаптарының орындалуын бақылау; 3) мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының келісілген мәндерінен ауытқуын реттеу арқылы жүзеге асырады.19. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару мынадай тәсілмен жасақталған көп деңгейлі құрылым негізінде жүзеге асырылады:1) Қазақстан БЭЖ-інде орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқарудың бірыңғай жүйесіндегі ең жоғарғы басқару деңгейі болып табылатын жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;2) орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығынан бағынатын жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталық­тары;3) орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде Қазақстанның жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығына, жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталықтарына бағынатын өңірлік электржелілік компаниялардың, энергия өндіруші ұйымдардың, электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының диспетчерлік бөлімшелері.20. Жүйелік оператор орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде технологиялық байланыс, релелік қорғау және автоматика құралдарын, телемеханика мен объектілерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру, дамыту және ұйымдастыру құрылымын, олардың жұмыс режимдерін, электр энергиясын есепке алу мен электр энергиясын тұтынуды басқаруды анықтайды. 21. Оралымды-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейі үшін электр беру желілерін, жабдық пен құрылғыларды басқарудың екі санаты: оралымды басқару мен оралымды жүргізу белгіленеді. 22. Оралымды-диспетчерлік басқарудың тиісті деңгейіндегі диспетчердің жедел басқаруында олармен операциялар жүргізу бағыныстағы оралымды-диспетчерлік персоналдың іс-қимылдары мен оралымды бағыныстың түрлі деңгейіндегі бірнеше объектілерде келісілген өзгерістерді үйлестіруді талап ететін жабдық, электр беру желісі, релелік қорғау құрылғысы, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің аппаратуралары, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары болады. 23. Диспетчердің жедел иелігінде жай-күйі мен режимі электр станциялары мен энергия жүйелерінің қуаты мен резервіне, желілердің режимі мен сенімділігіне, сондай-ақ аварияға қарсы автоматиканы ретке келтіруге әсер ететін жабдық, электр беру желілері, релелік қорғау құрылғылары, аварияға қарсы және режимдік автоматика жүйелерінің аппаратурасы, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары, жедел-ақпараттық кешендер болады. 24. Барлық электр беру желілері, электр станциялары мен желілердің жабдықтары мен құрылғылары диспетчерлік басқару деңгейлері бойынша бөлінеді. 25. Кезекші диспетчердің жедел басқаруындағы және иелігіндегі электр беру желілерінің, электр станциялары мен желілердің жабдығы мен құрылғыларының тізбесі меншік түріне қарамастан, жоғары тұрған жедел-диспетчерлік ұйымның немесе бөлімшенің шешіміне сәйкес жасалады және оны осы ұйымның техникалық басшысы бекітеді.26. Жүйелік оператордың жедел иелігінде жай-күйі мен режимі өңірлік көтерме сауда тұтынушыларына ұлттық электр желісі бойынша қуатты беруге және аумақтармен ықпалдастырылған электр станцияларынан қуатты беруге әсер ететін электр беру желілері, жабдық, релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғылары, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары болады. 27. Жабдық, релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғылары аталған оралымды буында не жедел ба сқаруда, не жедел иелікте ғана болады. Желінің қандай да бір элементін ажырату үшін жұмыс істеп тұрған (сөндіру фактісі бойынша) релелік қорғау және автоматика мен аварияға қарсы автоматика құрылғыларының жедел басқару шекарасы аталған элементті жедел басқарудың шекараларымен сәйкес келеді.28. Электр беру желілері, оларды іске қосу, қорғау, аварияға қарсы автоматика жүйелік оператордың, өңірлік электр желілік компанияның жедел басқаруында болады, бұл ретте желілердің жалғанымдары энергия объектілеріндегі кезекші персоналдың жедел басқаруында болады. 29. Әрбір энергия объектісінде (электр станциялары, электр желілері) жабдықтарды тәулік бойы жедел басқару ұйымдастырылады:1) жұмыстың талап етілетін режимін жүзеге асыру;2) ауыстырып қосуларды, іске қосулар мен тоқтатуларды жүргізу; 3) технологиялық бұзылыстарды оқшаулау мен жұмыстың берілген режимін қалпына келтіру;4) жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындау. 30. Оралымды-диспетчерлік басқару жедел схемалармен жинақталған диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарымен және бақылау жүйелерімен жабдықталған диспетчерлік пункттер мен басқару қалқандарынан жүзеге асырылады. 31. Оралымды-диспетчерлік басқарудың әрбір деңгейінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзылыстарды болдырмау және оны жою жөніндегі қағидалардың негізінде электр энергиясы нарығын ұйымдастыру ерекшелігі ескеріле отырып, оралымды-диспетчерлік басқару, жедел келіссөздер мен жазбаларды жүргізу, ауыстырып қосу және авариялық режимдерді жою жөніндегі нұсқаулықтар әзірленеді. 32. Оралымды-диспетчерлік басқарудың түрлі деңгейлерінің өзара іс-қимыл жасауы оралымды-диспетчерлік басқарудың жоғары тұрған бөлімшесі бекіткен орындалуы міндетті тиісті нұсқаулықтармен реттеледі. Нұсқаулықтарда мыналар:1) электр беру желілері мен жабдықтарды диспетчерлік басқару тәсілімен бөлу;2) электр станциялардың, электр беру желілері жұмысының берілген режимдерін жүргізу;3) электр энергиясы нарығындағы оралымды-диспетчерлік басқару; 4) байланыс пен телеөлшеулерді жеткізуді ұйымдастыру;5) жедел және технологиялық ақпараттарды беру;6) электр желілері жұмысының орнықтылығын және қалыпты режимдерін есептеу әдіснамасы;7) аварияға қарсы автоматика және релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын ретке келтірудің негізгі өлшемдерін есептеу әдіснамасы; 8) желілерді, жабдықтар мен аварияға қарсы автоматика және релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын жөндеуге келісу; 9) қатар жұмысты ұйымдастыру, ауыстырып қосуларды жүргізу, технологиялық бұзылыстарды жою мен релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын техникалық пайдалану мәселелері бойынша құжаттар әзірлеу және келісу;10) тәуліктік кестеде берілген режимді жасау және орындау;11) жиілік пен кернеуді реттеу; 12) жедел ажыратып қосуларды жүргізу, сынақтар өткізу; 13) жедел өтінімдерді беру;14) технологиялық бұзылыстарды жою;15) технологиялық бұзылыстар, жазатайым оқиғалар туралы ақпараттар беру; 16) диспетчерлік басқару бойынша өздерінің негізгі міндеттерін орындау кезіндегі құқықтар мен жауапкершіліктерді бөлу белгіленеді. 33. Барлық деңгейлердегі жедел келіссөздер бірыңғай терминологияны, үлгілік өкімдерді, хабарламаларды қолдана отырып жүргізіледі және жедел-диспетчерлік құжаттамаға, сондай-ақ магнитофондық таспаға, компьютерге жазбалармен тіркеледі. 34. Оралымды диспетчерлік басқару субъектілері орталықтандырылған диспетчерлік басқару процесінде:1) орталықтандырылған-диспетчерлік басқару жүйесі нормаларының сақталуын;2) электрмен жабдықтауға жасалған шарттар бойынша жүйелік оператор белгілеген режимдердің сақталуын;3) жүйелік операторды электр энергиясының нақты теңгерімдерін жасау үшін қажетті дұрыс және уақтылы ақпаратпен;4) жүйелік оператордың жедел басқаруындағы Қазақстан Республикасының электр станциялары жабдықтарын жөндеу кестелерінің сақталуын; 5) жүйелік оператордың жедел басқаруындағы, иелігіндегі релелік қорғау, автоматика және аварияға қарсы автоматика құрылғылары жұмыс режимдерінің және схемаларының сақталуын;6) Қазақстан Республикасы Су ресурстары комитеті белгілеген су қоймаларынан суды жіберу, Гидроқұрылыстарды пайдалану қағидаларының орындалуын; 7) аварияға қарсы автоматика жүйелері мен аспаптарын, автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесі, релелік қорғау және авт

Соңғы жаңалықтар