• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 479

340 рет
көрсетілді

2013 жылғы 14 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы №479 қаулысымен бекітілген

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылғанда жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды. 2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар басқа да соттардың (бұдан әрі – агент) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінеді. Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі (бұдан әрі – тізім) қоса беріледі.Тізім әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) жеке сәйкестендіру нөмірі; 2) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде); 3) туған күні; 4) жынысы; 5) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні; 6) бюджетке алып қоюға жататын республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналарының сомалары). Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) өзгерген жағдайда алдыңғы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі. 3. Өтініште: 1) агенттің атауы және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі;2) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК); 3) жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК); 4) алып қою себебі; 5) төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні және сомасы) көрсетіледі. Өтінішке: 1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, сот алқаларының төрағаларына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы; 2) жергілікті және басқа да соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – облыстағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (сот кеңселері) басшылары, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және мөрмен расталады. Егер бас бухгалтердің лауазы

Соңғы жаңалықтар