Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі жедел штабқа өтініштерді тек ресми арналарға келесі тәсілдермен жіберуге болады:
Карантин және ТЖ мәселелері бойынша консультацияларды iKOMEK109 жедел желісі бойынша - 1-0-9 нөмірі арқылы алуға болады.
Жеке мәселелер (жерлеу рәсімі, емдеу және т.б.) бойынша карантин аумағында тұрып жатқан азаматтар өтініш бере алады. Онда өтініш берушінің толық аты-жөні, ЖСН, өтініш беру себебі, тұлғанының жеке басын куәландыратын құжаттар және кері байланыс нөмірі міндетті түрде көрсетілуі қажет.
Басқа email, телефон нөмірлері жарамсыз саналады! Чаттарда жалған ақпарат тарап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарындағы ресми хабарламаларға ғана сенуді сұраймыз.