• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 14 Сәуір, 2020

Асқар Мамин: Бірінші тоқсанда Қазақстан экономикасының өсімі 2,7% құрады

202 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Экономиканың, банк саласының ахуалы, республикалық бюджеттің орындалуы, мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының көрсеткіштері туралы – Қордың басқарма төрағасы А. Есімов, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев, өңірлердің дамуы туралы Қостанай, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері А. Мұхамбетов, А. Баталов және О. Оразалин баяндады.

Биыл қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өсімі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 2,7% құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1%-ға артты. Алтын-валюта қоры $30 млрд жетті, Ұлттық қор активтері – $57,5 млрд.

Еліміздің негізгі салалары жалпы оң динамика көрсетті. Тау-кен өндірісі саласындағы өсім – 5%, өңдеу саласында – 8,8%, құрылыста – 11,7%, машина жасауда – 30,4% көрсетті. Дегенмен, әлемдегі пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің әсері біртіндеп байқала бастады — осы жылдың бірінші тоқсанында сауданың өсуі 1%-ды, қаржы саласы мен сақтандыру қызметтері – 0,7%-ды құрады, ал көлік секторы 1,3%-ға төмендеп, теріс динамика көрсетті.

Биылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуінің озық қарқыны Ақмола, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында қамтамасыз етіледі, орташа республикалық көрсеткіштерге Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында қол жеткізілді, кейбір көрсеткіштер бойынша республикалық деңгейден төмен деңгейді Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы көрсетті.

Үкімет басшысы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына бюджет қаражатының уақытылы әрі сапалы игерілуін, оның ішінде олардың экономиканың нақты секторларына дейін жеткізілуін бақылауда ұстауды тапсырды.

Премьер-Министр әлемдік және өңірлік экономикалардағы қазіргі сын-тегеуріндерге жауап ретінде Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар кешенін қабылдап, іске асырып жатқанын атап өтті — Жұмыспен қамтудың жол картасы бекітілді, құрылысты кеңейту бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру ұлғайтылды, ШОБ кәсіпорындарын салықтық ынталандыру енгізілді, «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы кеңейтілді.

«Қажет шаралар қабылданды, енді өңірлер қарқынды жұмыс істеуі керек. Барлығы мемлекеттік органдардың тиімді және үйлесімді жұмысына байланысты», — деп А. Мамин, қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтаумен өңірлерде дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.