• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Сәуір, 2020

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ 2,7 %-ға өсті - Руслан Дәленов

230 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады.

«Қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,7 % болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1 %-ға өсті. Жылдық инфляция 6,4 %-ды құрады. Экономиканың базалық салаларында көлік пен тұру және тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда, оң өсу байқалады. Құрылыс 11,7%-ға, байланыс қызметтері – 10,5%-ға, өнеркәсіп – 5,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 2,5%-ға өсті», деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, 2019 жылғы наурыз айымен салыстырғанда осы  жылғы наурызда жекелеген салаларда төмен көрсеткіш байқалады.

«Сауда – 3,6, көлік – 4,7, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 12,1 және қара металлургия көлемі – 13 %-ға азайды. Жалпы өнеркәсіптің өсу қарқыны 5,8 % деңгейінде сақталды. 15 өңірде өсу байқалып отыр. Ең жоғары өсуді Қостанай және Ақмола облыстары көрсетті. Сонымен бірге 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл - Қызылорда және Жамбыл облыстары», деді ол.