• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Сәуір, 2020

Аудиторлық іс-шара барысында қаржылық бұзушылықтар анықталды - Әлихан Смайылов

301 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1,2 трлн теңгеге игерілді. Есепті кезеңде 512 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Оның барысында 249 млрд теңге бюджет қаражаты аудитпен қамтылды. Нәтижесінде 91 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру барысында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 84 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды», деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің мәліметіне сәйкес, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге 470 ұсыныс берілген. Оның 361-і орындалды. Жалпы сомасы 5,2 трлн теңгеге 881 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды. Нәтижесінде 250 млрд теңге сомасындағы бұзушылықтарға жол берілмеді.

«2016-2020 жылдардағы кешенді жекешелендіру жоспарының іске асырылуы 93,2%-ды құрады. 2020 жылға 68 объектіні сату жоспарланған. Оның 37-сі сатылуға қойылды. Есепті кезеңде 6 объект 3,2 млрд теңгеге сатылды. 31 объекті сауда-саттыққа шығарылды. 3 объекті қайта ұйымдастыру және таратуға жіберілді. 28 объекті жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады. Қаржы министрлігінің алдына тұрған басты мақсаттарының бірі – ол тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе нақтыланған бюджетте әлеуметтік салаға, кәсіпкерлерді қолдауға қарастырылған қаражаттардың түпкілікті алушыларға уақытында жетуін қамтамасыз ету. Жыл ішінде кірістердің өсу қарқынын төмендетпей, нақтыланған жоспардың орындалуын қамтамасыз ететін боламыз», деді Ә. Смайылов.