• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Жалған ақпарат таратқан Қостанай облысының тұрғыны айыппұл төледі

507 рет
көрсетілді

Қостанай, Лисаков, Рудный, Тобыл қалалары карантинге жабылғаны туралы жалған аудиожазба таратқан Меңдіқара ауданы Каскад ауылының 28 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылып, 40 АЕК (106 040 теңге) көлемінде айыппұл төледі. Сондай-ақ, «төтенше жағдай режімін бұзған екі бала қамауға алынып, олардың ата-анасына 560 мың теңге айыппұл салынды» - деген жалған ақпарат таратқан Амангелді ауданының тұрғыны 7 тәулікке қамауға алынды.  

Қазір полиция департаментінің тергеу өндірісінде көрінеу жалған ақпарат  тарату бабы бойынша 8 қылмыстық іс тексеріліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция бүгінге дейін  төтенше жағдай режімін бұзған  388 фактіні анықтап, 227 әкімшілік материалды сот қарауына жіберген. Сот 168 іс бойынша жалпы көлемі 26510 теңге әкімшілік айыппұл белгілеп, 31 адамға әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. 161 материал әлі сот қарауында жатыр.

Полиция облыс тұрғындарынан шектеу шараларына түсіністікпен қарауды және тәртіп талаптарын бұзбауды сұрайды.

 

 

Қостанай облысы