• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Рудныйда 5 млн теңгенің алтынын ұрлаған қылмыскер ұсталды

303 рет
көрсетілді

Бес миллион теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікті жеті айдан кейін Қызылорда қаласында қолға түсті. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскер зергерлік бұйымдарды өткен жылы 30 тамызда Рудный қаласының әмбебап дүкенінен ұрлаған. Дүкенге жертөле арқылы кірген қылмыскердің жүріс-тұрысын түгелдей бейне бақылау камерасы жазып алған. Бірақ бетперде киіп алғандықтан түр-әлпетін тану мүмкін болмаған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті дереу бой тасалап үлгерген.

- Полиция күдіктінің сыбайластарын ұрланған зергерлік бұйымдарды сату кезінде ұстады және 32 жастағы Рудный тұрғынын анықтап, оған іздеу жариялады. Алтын бұйымдардың бір бөлігі қала ломбардтарынан алынды. Кейін ұрының Петропавл мен Шымкент қалаларында жасырынғаны анықталды. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында ол Қызылорда қаласында қолға түсті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті бұған дейін де тонау, есірткі және заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған, - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қостанай облысы