• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Көкшетауда «Қызыл Жарты Ай» қоғамы мұқтаж жандарға көмектесуде

370 рет
көрсетілді

«Қызыл Жарты Ай» қоғамының Ақмола облыстық филиалы коронавируспен күреске жұмылған алғашқы ұйымдардың бірі.

Олардың игілікті ісіне облыс орталығындағы  «Санжар», «Көкше сусындары», «Натурпродукт» және «Стекло центр Көкше» серіктестіктері көмек көрсетуде.

– Әзірге біз 120 отбасына азық-түлік жеткіздік. Бір-бірімізге жүрек жылуын төгіп, қолғабысымызды тигізбесек бола ма? Көмекке зәру жандар баршылық.  Олардың басым көпшілігі құрт ауруына шалдыққандар мен амбулаториялық ем-дом қабылдаушылар. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар мен еңбек ардагерлерін де ұмыт қалдырмаймыз,–дейді «Қызыл Жарты Ай» қоғамы облыстық филиалының директоры  Асхат Уәйісов.

Қиындықты ел болып қана еңсере аламыз деп түйсінген «Көкше  Трейд» серіктестігінің өкілі Светлана Продиустың айтуына қарағанда Көкшетаулық кәсіпкерлер «Қызыл жарты ай» қоғамы көтерген бастамаға қызу қолдау білдіріп отыр.  

Қазіргі таңда созылмалы сырқаты бар адамдар да көмек-қолдауға зәру. Қоғамның қамқорлығын көрген адамдар жанашыр жандарға өз ризашылықтарын білдіріп отыр. «Қызыл Жарты Ай» қоғамы әзірлеген әлеуметтік қоржынға ең қажетті деген азық-түліктер кіреді. Салмағы 10 келі. Атап айтқанда, күріш, қарақұмық, ұн, макарон, бұқтырылған ет, сұйық май, нан және шай.  Еріктілер азық-түлікті есік алдына дейін онлайн-жеткізу қызметін жүзеге асыруда.