• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Қостанай: Жүргізуші көпірден секіріп кеткен қызды құтқарып қалды

299 рет
көрсетілді

Қостанайлық Владимир Аксенов Тобыл өзенінің жағалауындағы саяжай маңындағы үйлердің бірінде тұрады.

Ұзақ қашықтыққа жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі қолы босағанда отбасымен бірге өзен жағасына серуенге шығуды әдет еткен. Осындай демалыс күндерінің бірінде  ол суға батып бара жатқан қыз баланы құтқарып қалды. Болған жайды Владимирдің өзі баяндап берді: - Отбасымызбен бірге Тобыл жағасында серуендеп жүр едік, көпірдің үстіне бір автокөлік кілт тоқтап, апат белгісін қосты. Көлік жүргізушісі мәшинесінен шыға салды да, көпірдің шетіне қарай жүгірді.  Атынша дауыстап көмекке шақыра бастады. Мен өзен жағасына түстім де, су ортасында басы ғана көрініп тұрған қызды байқадым. – Жағалауға жүзіп келе аласың ба? – деп сұрап едім, қыз: - Жоқ, жүзе алмаймын - деді. Дереу күртемді шештім де, әйелімді  үйден сүлгі алып келуге жұмсап, өзім суға сүңгідім.  Қызға жүзіп жақын бардым да, ары-бері жұлқынбай денесін бос ұстауын сұрадым. Осылайша аман-есен жағаға алып шықтым, - деді бейбіт күннің батыры.

Бүгін облыстық полиция департаментінің басшылары Владимир Аксеновке ҚР ІІМ-нің логотипі бедерленген арнаулы сағат табыс етіп, сын сәтте көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.   

 

Қостанай облысы