Елбасының бастамасымен құрылған «BIRGEMIZ» қоғамдық қорына кәсіпкерлер мен меценаттар қаржы құйып, қысылтаяң шақта елге көмек беруге кірісті.
Мұқтаж отбасыларына 50 мың теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек берілуде. Көмекке ие болғандардың 120-сы көпбалалы жағдайы төмен отбасы, 837-сі бірінші топтағы мүгедектер, мүгедек бала асырап отырған 886 отбасы, 144 тұл жетім, ең төменгі зейнетақы алатын 776 зейнеткер, 164 соғыс ардагері мен 3 тыл еңбеккері.
Осылайша, ел басына күн туғанда елім деген азаматтар халыққа көмек қолын созуда.