Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандардың саны бесеуге жетті. Облыс әкімдігі жанынан құрылған жедел ақпарат штабының мәліметінше, 12 сәуірде Жітіқара қаласында екі егде жастағы адам қызуы көтеріліп ауруханаға түскен.
Дәрігерлер науқастарды жедел зертханалық тексеруге жібереді. Бүгін диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша олардың екеуінің де короновирус жұқтырғаны анықталып отыр. Науқастардың бірі - 74, екіншісі 65 жаста. Қазір екеуі де госпитальға жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдардың барлығы анықталып, медициналық бақылауға алынған.
Қостанай облысы