• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Сәуір, 2020

Ақмола облысында вирус жұқтырған тағы екі дерек тіркелді

263 рет
көрсетілді

Аты жаман ауру күн сайын өршіп келеді. Әзірге індет туралы суыт хабар сұйылмай тұр.

Дәрігерлердің айтуынша, вирус жұқтырған азаматша 25 жастағы қала тұрғыны. Ол   осыдан екі күн бұрын қатерлі індет анықталған 22  жасар  қала тұрғынымен байланыста болған. 24 наурыз күні науқас отбасылық іс-шараға барған. Ол жерге Алматыдан қонақтар келіпті. Барлығы 6 адам байланыста болған. Оның төртеуі үй карантиніне қалдырылды.

Екінші  вирус жұқтыру жағдайы Целиноград ауданында анықталды. Ол болашақ ана.  Азаматша бұған дейін карантиндік стационарда жатқан. Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында санитар болып жұмыс істеген. Бір сүйініштісі, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде 4 науқас қатерлі індеттен емделіп, ауруханадан шығарылды. Дерттен айыққан науқастар қайтадан тексеруден өткізіліп, кеше кешке үйлеріне     қайтарылды. Олардың барлығы Целиноград ауданына қарасты Қосшы ауылының тұрғындары.

Өкінішке орай, 4 адам қайтыс болды. Бүгінгі күні облыстың стационарларында 364 пациент ем алып жатыр,  үй карантинінде-554 адам.