Мен қазір облыс орталығындағы провизорлық госпитальда аға медбике болып жұмыс істеймін. Осы салада 21 жылдан бері еңбек етіп келемін. 22 наурыздан бері үйге қайтпай, үзіліссіз қызмет атқарудамыз. Екі апта жұмыс істесек, екі апта демаламыз. Қазір екінші кезекке шықтым.
Мен 2-топтағы қауіптілігі жоғары медицина қызметкерлерінің қатарындамын. Мемлекет тағайындаған тиесілі сыйақыны алып қуанып жатырмыз. Алдыңғы шепте жүрген ақ халаттылардың еңбегін жоғары бағалаған Президентке алғысым шексіз. Әрине бұл біздің міндетіміз болғандықтан ешкімге ештеңе бұлдамайтынымыз анық. Дегенмен, еңбектің еленгені көңілімізді көтерді.
Ал таңдаған мамандығымның елдің игілігіне жарап, жұртқа көмегімнің тигеніне қуаныштымын.
Анар ИМАНҒАЗИНА,
Ақтөбе облыстық инфекциялық ауруханасының медбикесі