Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазгидромет» мәліметіне сүйенсек, еліміздің оңтүстік-батыс өңірлерінде қатты жаңбыр жауады. Ал солтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.