Қостанай темір жол вокзалы алдындағы ашық алаңда тұрған бюст Би-ағаның 100 жылдық мерейтойына орай осыдан 26 жыл бұрын орнатылды. Қаламгердің қолына кітап ұстап ойланып тұрған сәті бейнеленген бюстің биіктігі - бір жарым метр. Мыстан құйылып, мәрмәрмен қапталған екі метрлік тас тұғырға қондырылған.
Соңғы біраз жыл бойы жазда жауын ұрып, қыста аяз қысқан еңселі ескерткіштің астыңғы қабатындағы тұғыры тозып, мәрмәр қаптамалары құлап, бүйірі кедір-бұдыр сұрықсыз кейіпке енген еді.
Бұл облыс тұрғындарының да, сырттан сапарлап келген көзіқарақты қала қонақтарының да наразылығын тудырып, әкімдіктегілерге көптеген сын айтылған. Ештен кеш жақсы. Күн райы оңалысымен, қала әкімдігі ескерткіш тұғырын қайта қаптауға кірісіп кетті.
Қостанай