• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Сәуір, 2020

Спортшылар мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуде

198 рет
көрсетілді

Осындай қиын-қыстау кезеңде мұқтаж адамдарға қол ұшын беру мақсатында әлемге әйгілі спортшылар өздерінің құнды заттарын аукционға қойып, содан түскен қаражатты қайырымдылық шараларына жұмсауда.

Кезінде «Астана» клубының серкесі болған испаниялық Альберто Контадор 2011 жылы «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жеңімпазы атанғаны белгілі. Айтулы жарыста мінген велосипедін саудаға салған ол содан түскен қаржыны коронавируске қарсы күреске жұмсады.

Былтыр «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарған Рафаэль Надальдің футболкасы аукционда 22,4 мың долларға сатылды. Теннисші ақшаны пандемиядан зардап шеккен Испаниядағы кедей отбасылардың игілігі үшін жұмсады.

Жүзуден Олимпиада чемпионы Федерика Пеллегрини Бейжіңде киген көзілдірігін сатып, қаражатты Италияның Бергамо қаласындағы аурухананың есеп шотына аударды.

Сол секілді  футболшылар Тьерри Анри, Кәрім Бензема, Маркос Льоренте, Робби Сэвидж, Роберт Левандовски, Юлиан Дракслер, Н'Голо Канте, биатлоншы Мартен Фуркад, гандболшы Сирил Дюмулан, теннисші Виктория Азаренко, баскетболшылар Хавьер Бейран мен Марта Саргай, тау шаңғышысы Мартен Фуркад және тағы басқа спорт әлеміндегі серкелер осындай игі шаралардан шет қалмай, мұқтаж жандарға барынша көмектесуде.