• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Қостанай облысы: Жітіқара қаласында карантин жарияланды

567 рет
көрсетілді

Қостанай облысына қарасты Жітіқара ауданы 2020 жылғы 16 сәуірде сағат 00.00 бастап карантин режіміне көшеді. Бүгін облыстың Бас санитары В.Нечитайло бұл туралы арнайы қаулы  шығарып, ауданда эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты шектеулер мен тыйым шаралары күшейтілетінін мәлімдеді.

Аудан тұрғындарына жұмысқа, дәріханаға, дүкенге бару үшін ғана үйден шығуға рұқсат етіледі. Дүкен мен дәріхана 500 метрден қашық болмауы тиіс.

Аудан әкімі Абай Ыбыраевтың айтуынша, қазір аудандық аурухана жұмыс істемейді. Жітіқараға облыс орталығынан қосымша 4 жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген. Тұрғындар науқастанып қалған жағдайда көршілес жатқан Денисов, Қамысты аудандарының ауруханаларына жатқызылатын болады.

        

Қостанай облысы